ЕҚЫҰ-ға
мүше
көптеген
мемлекеттер
Қазақстанның
жоспарларына, сонымен
қатар, үстіміздегі
жылы
Астанада
ЕҚЫҰ-ның
Саммитін
өткізу
туралы
менің
ұсынысыма
қолдау
білдірді.
Мен
Саммитте
ЕҚЫҰ-ның
жауапкершілігі
аймағында
қауіпсіздіктің
көкейкесті
проблемаларын, Ауғанстандағы
жағдайды
және
төзімділік
мәселелерін
талқылауды
ұсындым.
Біздің
ЕҚЫҰ-дағы
төрағалығымыз
бүкіл
әлем
халықтарының
қауіпсіздігін
дамыту
мен
өркендетуге
бағытталатын
болады.