Ү.ж. 2 қазанда Доха қаласында Қазақстан Елшісі Қатар Мемлекетінің Тақ мұрагеріне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Республикасының Сауд Арабиясы
Корольдігіндегі Елшісі Асқар Мусинов Қазақстан Республикасының Қатар
Мемлекетінде Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушысы
ретінде Қатар Мемлекеті Тақ мұрагері Шейх Тамим бен Хамад бен Халифа Әл
Таниге 2005 жылғы 2 қазанда Доха қаласында сенім грамоталарын тапсырды.
Сұхбат барысында Қазақстан Елшісі Биік Мәртебелі Қатар Әмірі Шейх
Хамад бен Халифа Әл Таниге Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін мен жақсы тілектерін жеткізді. Қазақстан
мемлекетінің басшысы 1998 жылы Қатарға ресми сапар жасаған болатын,
ал, 1999 жылы Қатар Әмірі Қазақстанға сапармен келіп қайтты.
Бұл сапарлар барысында өзара тиімді ынтымақтастықтың негізі
қаланғанын және екі ел арасындағы қатынастарды дамыту жөнінде
уағдаластықтарға қол жеткенін атай келе, Елші Қазақстан басшылығы
атынан еліміздің бас қаласы - Астана қаласының құрылысына, оның ішінде
«Нұр-Астана» мәдени орталығының құрылысына көмек көрсеткені үшін Қатар
үкіметіне ризашылық білдірілді.
Қазақ дипломаты 2005 жылғы 4 желтоқсанда жоспарланған президенттік
сайлау туралы және Қазақстан басшылығының аталмыш сайлауды әділетті,
ашық және халықаралық стандарттарға сай өтуін қамтамасыз етуге дайын
екендігін хабарлады. ҚР Елбасының алдағы сайлаудың еркін, таза және
ашық түрде өтуі үшін бар күш-жігерін салатыны жөніндегі сөзіне айрықша
тоқталды.
Тараптар өзара қызығушылық танытатын халықаралық және аймақтық
мәселелер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келесі жылы
Қатарға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі жөнінде пікір алмасты. Қатар
тарапы Қазақстан Басшысын 2006 ж. ресми сапармен Қатарға келіп-қайтуға
шақырды.
Жарияланған күні: 2005-10-05