2005 жылғы 30 қыркүйекте Прагада Қазақстанның Чех Республикасындағы «Елім-ай» мәдени орталығының тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасының Чехиядағы
елшілігінде 2005 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстанның Чех Республикасындағы
«Елім-ай» мәдени орталығының тұсаукесері өтті.
Орталық Чехия заңнамасына сәйкес құрылып, ресми тіркелген үкіметтік
емес және коммерциялық емес ұйым болып табылады. «Елім-айдың» негізін
Елшіліктің көмегімен Чехияда тұратын қазақстандықтар қалады. Ұйымның
негізгі мақсаты қазақ мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтау және тарату,
Қазақстан мен Чехия азаматтары арасында мәдени және іскерлік
байланыстарды дамыту, қазақстандықтардың Чех Республикасының қоғамдық
өмірімен танысуы, қайырымдылық қызмет және т.б. болып табылады.
Осындай сипаттағы ұйымның жұмыс істеуіне деген қажеттілікті Чехияда
тұратын қазақстандық азаматтар көптен бері сезініп келеді. Сондықтан
«Елім-айдың» өмірге келуін олар көптен күткен оқиға ретінде қабылдады.
Мәдени орталықтың арқасында қазақстандықтар Отанымен барынша тығыз
байланыс орнатуға мүмкіндік алады және елімізде болып жатқан оқиғаларға
зер салып отырады. Өз кезегінде Чех Республикасының тұрғындары мен
қонақтары қазақ халқының бай мәдениетімен жақынырақ таныса алады.
Чех Республикасының мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, Ресей
ғылымы мен мәдениеті орталығының басшылығы, Чехияда оқитын қазақстандық
студенттер, қазақ диаспорасы Мәдени орталықтың тұсаукесеріне қатысты.
Жарияланған күні: 2005-10-14