Ү.ж. 16 қарашада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.О.Шәкіров Азия мемлекеттерінің Елшілері клубының мүшелерімен кездесті
Аталған клуб аясында еліміздегі және халықаралық оқиғалар туралы бейресми түрде пікір алмасулар өтеді.
Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары шетелдік
дипломаттарды Қазақстанның сыртқы саясатының дамуы, басым бағыттары мен
сыртқы саясат ведомствосының алдында тұрған мақсаттары жөнінде хабардар
етті.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық
ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес,
т.б. халықаралық және өңірлік құрылымдар шеңберіндегі Қазақстанның рөлі
мен қызметіне үлкен назар адарылды.
А.Шәкіров дипломаттардың сұрақтарына жауап беріп, соның ішінде ҚР
Президентінің алдағы сайлауына әзірліктің барысы туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Азия мемлекеттерінің дипломатиялық миссия басшылары
Қазақстанның жүргізіп отырған сыртқы саяси шараларын жоғары бағалап,
олардың шетелдік елдермен достық қатынастарды дамытуға бағытталғанын
және соңғы жылдары экономика мен қоғамды демократияландыру мәселелерін
алға өрлетудегі жетістіктермен нығая түскенін баса айтты.
Жарияланған күні: 2005-11-17