Ү.ж. 7-ші
желтоқсанда Парижде ҚР Елшісі Аманжол Жанқұлиев Франция Сенатының
«Франция-Орта Азия» достық тобының төрағасы-сенатор Андрэ Дюлемен
кездесу өткізді
Сенатор өткен президенттік сайлаудың барысы
мен нәтижесі туралы хабардар етілді. Шетелдік бақылаушылардың басым
көпшілігі сайлау адал және халықаралық стандарттарға сәйкес өтті деп
баға бергені жөнінде айтылды.
Сенатор өз тарапынан Қазақстанның осы уақытқа дейін қол жеткізген
жетістіктері өзіне қатты әсер ететінін білдірді. Оның ойынша, осы
жетістіктердін арқасында Қазақстан көршілес Орта Азия аймағындағы
елдерден ерекшеленіп отыр.
А. Дюлэ Қазақстанда Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен жүзеге
асырылып жатқан өзгерістердің зор ауқымын атап өтті. Сенатордың
айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сайлаудағы «өте табысты» жеңісі
оның жеке басы мен жүргізіп отырған саясатының танымалдығының белгісі.
А.Дюлэ Францияға Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты ары қарай
дамытудың маңызы зор екендігін айтты. Сенатор Орталық Азияда Қазақстан
Францияның басты әріптесі екендігін құптады. 2006 жылы Франция
Сенатында француз кәсіпкерлері үшін Қазақстанның экономикалық және
инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған үлкен конференция ұйымдастыру
туралы мәселе талқыланды.
Кездесудің соңында, А.Дюлэ Қазақстан халқын дұрыс қабылдаған шешімі
- Президент Н.Назарбаевты сайлауымен құттықтады. Ол барша
казақстандықтарға үлкен табыстар пен амандық тілегін жолдады.
Жарияланған күні: 2005-12-08