Ү.ж. 30 қарашада
Хельсинкиде Қазақстан Елшісі Тілеухан Қабдрахманов Финляндияның
Президенті Тарья Халоненге сенім грамотасын тапсырды
Ү.ж. 30 қарашада Қазақстан Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елшісі Тілеухан Қабдрахманов Финляндия
Президентінің сарайында (Хельсинки қаласы) Финляндияның Президенті
Тарья Халоненге сенім грамотасын тапсырды.
Салтанатты тапсыру соңынан болған кездесуде екі жақты
қарым-қатынастардың дамуы мен оларды тереңдету барысы жан-жақты
талқыланды. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың өскелеңдігі және оны
дамыта түсуге қажетті барлық жағдайдың бар екенін, сондай-ақ
инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту маңызын қуаттады.
Елші Т.Қабдрахманов Финляндия басшысын Қазақстанның серпінді дамуы,
еліміздің сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ мемлекет басшылығының
азаматтық қоғамды дамытуға арналған нақты қадамдарымен таныстырды. Осы
орайда қазақстан-финляндия қатынастарын дамыту мақсатындағы міндеттерді
атап өтті.
Финляндияның Президенті Т.Халонен екі жақты қарым-қатынастың достық
және мүдделерді өзар құрметтеу бағытында дамып отырғанын тілге тиек
етті. Екі ел арасындағы жеткілікті әлеуетті кеңінен пайдалану,
Үкіметаралық комиссияның жұмысы мен еларалық шарт-құқықтық негізді
дамытуға шақырды. Қазіргі Еуродақтың Төрағасы Финляндия тарапы
Қазақстанның ЕО-мен арадағы ықпалдастығын кеңейтуді көздейтін
іс-қимылдарына қолдау білдірді. Финдяндия басшысы Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және достас қазақстан
халқына өз атынан игі тілектерін жеткізді.
Сенім грамотасын тапсыру сапары кезінде Елші Т.Қабдрахмановтың
Финляндияның Мемлекеттік хатшысы П.Торстиломен, Сыртқы сауда және даму
Министрі П.Лехтомакимен, Мемлекеттік Хатшының Сыртқы экономикалық
қатынастары жөніндегі орынбасары П.Хухтаниемимен, Финлядияның Орталық
Азиядағы Елшісі М-Л. Килюненмен және Нокиа компаниясы Президентінің
сауда саясаты жөніндегі орынбасары О.Бьорклудумен кездесулері өтті.
Жарияланған күні: 2006-11-30