ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ЖAҢAЛЫҚТAР



Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕҚЫҰ СІМК 14-ші мәжілісінде сөйлеген сөзі (Брюссель, 2006 ж 4 желтоқсан)


Құрметі Төраға,
Құрметті әріптестер,
Ханымдар мен мырзалар,

Мен үшін бельгия Төрағалығына және Министр Карел де Гюхтің жеке өзіне бір жыл ішінде атқарған өте зор жұмысы  және осында Брюссельдегі кеңесті тамаша ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысымды білдру зор мәртебе.  Сондай-ақ алдағы Испан Төрағалығын құттықтауға және Министр Мигел Анхел Моратиносқа осынау жоғары да жауапты миссияны орындауда барша табыстар тілеуге рұхсат етіңіздер.

Өткен жылы Люблянда біз Ұйымымызды реформалау, оның беделі мен тиімділігін арттыру, іскерлік әлеуетін мен мүмкіндіктерін нығайту қажеттігін талқыладық.

ЕҚЫҰ-ның жоғары құндылықтары, қағидаттары мен қалыптары  ешқандай дау туғызбайды. Біздің барлығымыз оларды құптаймыз. Дей тұрғанмен, Қырғи-қабақ соғыс кезінен бері сақталып қалған қасаң көзқарастар мен ұстанымдар, өкінішке қарай, әлі де өзгермей тұр. Олар өткеннің еншісінде қалуы тиіс.  Біз өз форумымызды толыққанды ұйымға айналдыру үшін қайта құрып, оның бөлінушілік шегінен өтуі және теңсіздіктен арылып, барлық қатысушы елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімге ұмтылуына қол жеткізуіміз қажет. Біз ЕҚЫҰ тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар қатысушылардың форумы екендігіне және онда әрқайсысының пікіріне құрметпен қарайтындығына нық сенімге сүйенеміз.

ЕҚЫҰ тарихындағы айтулы шешімге жататын Поцедуралар ережесін қабылдай отырып, біз реформалардың жол картасын жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадамдарды жасадық.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық туралы мәселе біздің ортақ мақсатымыз - ұлғайып отырған қыр көрсетулер мен қатерлер алдында Ұйымның мықты да тиімді болуын көздейтін реформалау процесінің ажырамас бөлшегі екеніне нық сенімді.

Сондықтан біз Қазақстан ЕҚЫҰ-ны басқаруға лайық деп білеміз. Біздің өтініміміз экономикалық реформалар, саяси қайта құрулар, демократиялық құндылықтарды жетілдіру, заң үстемдігін құптау және тиімді басқарудағы нақты табыстарға арқа сүйейді. Бұл министрлік кездесуде біздің өтінімімізді 2011 жылға ауыстыру жөніндегі ұсыныстармен келісу ниетіміз жоқ.

Демократиялық реформалар жөніндегі Комиссияның рөлі мен қызметі күллі әлемде оң бағаланды, мысалы, ҚР Президентінің соңғы сапарлары барысында ол нақты көрінді.

Комиссия жұмысының алғашқы қорытындылары Қазақстандағы саяси процесті халықаралық ең жоғары қалыптарға және  біздің халқымыздың үміт-сеніміне сәйкес келтіру жөніндегі қадамдарымыздың табиғатын анықтап берді.

Демократияландыру және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДЖАҚБ) ұсынымдарына сәйкес сайлау заңнамаларына жаңа түзетулер енгізіліп, жиындар бостандығына даулы шектеулер алынып тасталды. Жақында жергілікті билік органдарының 30 пайызы сайланды. Бұл - жергілікті басқаруды дамытудың кең бағдарламасының біл бөлшегі. Сондай-ақ тиісті заң жобасы Парламентте талқылануда.  Келесі қадам - медиа заңнамасын жетілдіру мәселесін талқылау жөнінде заң шығарушылар белсенді бастама көтеруде.

Біз жиындар өкілдігін барынша кеңейту және жалпы демократияны нығайтуды қамтамасыз ету үшін Парламент өкілеттігін айтарлықтай арттыруды қарастырып жатырмыз. Өзіміздің стратегиямызға байланысты, үкіметтік емес ұйымдар саяси сахнадағы басты әрекетшілердің біріне айналмақ.

Бұндай саясат жалғасын тауып, кеңейе түсеріне сендіргім келеді. Президент Назарбаев  таяуда осы  және басқа да мәселелерді анықтап арнайы мәлімдеме жасайды, олай болса 2007 жыл біздің ұзақ мерзімді стратегиямыздың табысқа жетуіндегі шешуші жыл болады. Бұл біздің таңдауымыз, біздің басымдығымыз бен қалауымыз, оны өзгерту мүмкін емес. Мүмкіндікті пайдалана отырып, мен халықаралық қоғамдастықты, ЕҚЫҰ-ның барлық қатысушы елдерін Қазақстан өзінің демократиялық және азаматтық қоғам құру жөніндегі стратегиясын ешқашан және ешбір жағдайда өзгертпейтіндігіне сендіргім келеді.

Қазақстан Үкіметі біздің көп ұлтты халқымыздың өмірінің жоғары қалыптарын сақтауға, бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау, келісім мен үндестікті қолдау, еркін және демократиялық қоғамды дамытуға барлық күш-жігерін жұмсап келеді. Бізде белгілі бір табыстар бар, олармен біз қатысушы мемлекеттермен бөліскіміз келеді, сондай-ақ ЕҚЫҰ қызметіне қосылатын үлес ретінде ұсынатын құнды артықшылықтарымыз да баршылық.

Төрағалыққа сайланған жағдайда Қазақстан ЕҚЫҰ күш-жігерін ұйымның күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелерді шешуге тиімді бағыттауға әзір:

әлемнің біз тұратын бөлігінде ЕҚЫҰ мақсаттарын алға жылжыта отырып, кең ауқымды Еуразия кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету;

Қазақстан үлгі ретінде танылып үлгерген төзімділік, этникаралық және мәдениаралық  қарым-қатынастарды қолдау тәжірибесін тарату;

Біз ЕҚЫҰ-ның барынша ұйымшылдығына жәрдемдесуге және  Ұйым қызметінің барлық өлшемдеріндегі  нақты теңдікке қол жеткізуге ынталымыз, бұл орайда маңызы төтенше гуманитарлық өлшем төмендемейді.

Барлық осы дәлелдемелер мұқият және бұра тартушылықсыз қарастыруға лайық. Мен қатысушы елдер біздің төрағалыққа қатысты шешімді  біздер ЕҚЫҰ-да ұстанатын теңдік қағидаттарына тиісті құрметпен қабылдайды деп сенемін.

Қазақстан біздің кандидатурамызға қолдау білдірген барлық, соның ішінде ТМД және Еуропалық Одақ елдеріне алғыс білдіреді.

Мен біздің барлығымыз біртұтас және тиімді Ұйымды жақтаушылар екенімізге сенемін. Мұнда біз діни экстермизм, есірткінің заңсыз айналымы, адам саудасы, ұйымдасқан қылмыс, төзімісіздік таныту тәрізді аса күрделі сынақтарға қарсы тұру сияқты мәселелер бойынша ортақ көзқарас пен ұстанымды түзе аламыз. 

ЕҚЫҰ әлеуеті жоғары күйінде қалып отыр. Ол жанжалдарды болдырмау мен сенім шаралары бойынша  күшті құралдарға ие, әйтсе де олар жетілдіру мен тиісінше қолдануды қажет етеді. Ұйым болашағы жолдарының  түйіскен жерінде тұрып, біз алға жылжудың дұрыс жолын таңдап алу мүмкіндігінен айрылуға жол бере алмаймыз.

Назарларыңызға рахмет.


Жарияланған күні: 2006-12-05

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС