Ү.ж. 4 желтоқсанда Брюссельде ҚР СІМ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің Кеңесінде сөз сөйледі
Ү.ж. 4 желтоқсанда Брюссельде сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы
Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымындағы жыл сайынғы
министрлік кездесуде сөз сөйлеп, ЕҚЫҰ-дың ағымдағы күн тәртібінің
шешуші мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымын айқындады.
Министр Тоқаев, өзінің географиялық өлшемі бойынша бірегей осы
ұйымның шұғыл реформалану қажеттілігі жөніндегі Қазақстанның қағидатты
бағасын растады. Ол ЕҚЫҰ-дың жоғары құндылықтары, қағидаттары мен
стандарттарының талассыз бола тұрғанымен, «қырғи-қабақ соғысы»
кезеңінен қалып қойған амалдар мен стереатиптер әлі де орын алуда деп
атап өтті. Осы орайда қазақстандық дипломат қатысушы мемлекеттерді –
ЕҚЫҰ-ды бөле-жарушы сызықтар мен теңсіздіктің туғызуын алдын алуға
қабілетті ұйымға айналдыруға, оның бүкіл жауапкершілік кеңістігінде
өзара түсіністік пен сенім ортасын қалыптастыруға шақырды.
ЕҚЫҰ, әркімнің пікірі құрметтелетін және ескерілетін теңдей құқық
пен мүмкіндіктер форумы болып табылатынын атап өтіп, сыртқы саяси
ведомствосының басшысы, Қазақстан 2009 жылы ЕҚЫҰ басқаруға лайық деп
айырықша атап өтті. Біздің еліміздің ЕҚЫҰ басқаруға сенімділігі нақты
саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге негізделген деп
мәлімдеді Қ.Тоқаев. Ол ЕҚЫҰ СІМ Кеңесіне Қазақстандағы саяси
процестерді халқымыздың үмітіне және жоғары халықаралық стандарттарға
сәйкес келтіру бойынша одан әрі жасалар қадамдарды айқын көрсетіп, осы
тұрғыда демократиялық реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының
рөлі мен қызметін ерекше атап өтті.
Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ қатысушы барлық елдерді, Қазақстанның
демократия мен азаматтық қоғам орнату стратегиясы еш бір жағдайда
өзгермейді деп сендірді.
Қ.Тоқаев, сонымен қатар, толеранттық, этносаралық және
мәдениетаралық қатынастардың жоғары мәлениетін сақтау жөніндегі
тәжірибемен бөлісуге, сондай-ақ ауқымы кең Еуразиялық кеңістікте
қауіпсіздік пен тұрақтылық қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға әзір
екендігі жөнінде мәлімдеді.
Сөзін аяқтай отырып СІМ басшысы біздің ел өтінімін қолдаған елдерге
алғыс білдіріп, ЕҚЫҰ әлеуеті әлі де жоғары болып тұрғанын атап өтті. Ол
жанжалдарды болдырмауға және сенім шаралары ұшін сенімді құрал-сайманға
ие, өз кезегінде ол жетілдіруді және тиісті қолдануды қажет етеді.Ұйым
болашағының жол айырығында тұрып, біз алға жылжу үшін дұрыс жол таңдау
мүмкіндігін қолдан шығарып алмауымыз тиіс деп қорытты сөзін Қ.Тоқаев.
Жарияланған күні: 2006-12-05