Ү.ж. 13
желтоқасанда Бухарестте Қазақстанның Тәуелсіздігінің 15-жылдығына орай,
Қазақстанның Румыниядағы Дипмиссиясы ұйымдастыруымен салтанатты
қабылдау өтті
Ү.ж. 13 желтоқасанда Бухаресттегі
Парламенттік Сарайының Қабылдау Залында Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігінің 15-жылдығына орай, Қазақстанның Румыниядағы Дипмиссиясы
ұйымдастыруымен салтанатты қабылдау өтті. Қабылдауға Румыния Президенті
Әкімшілігінің лауазымды қызметкерлері, Парламент депутаттары, Үкімет
мүшелері, Бухарестте тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары,
сонымен қатар румын іскерлік, мәдени және қоғамдық орталардың және болу
елінің БАҚ өкілдері қатысты.
Қабылдау шеңберінде меймандарға біздің еліміздің қазіргі таңдағы
өмірін бейнелейтін «Қазіргі заманғы Қазақстан» атты кең ауқымда
фотоэкспозициясы көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылар әлемдік және
қазақ классикалық және ұлттық шығармаларын жоғары деңгейде орындаған
қазақстандық атақты «Ұлытау» этно-рок тобының қатысуымен өткен
мерекелік концерттің куәгері болды.
«Ұлытау» тобының концертін Бухарест қаласының ең әйгілі
ғимараттарының бірінде ұйымдастыру Алматы қаласы Әкімдігінің, сонымен
қатар, «Румыния-Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының және
қазақстандық нарықта белді қызмет атқарып отырған румындық
«Петром-Сервиз» компаниясының қолдауларымен мүмкін болды.
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық өкілдігінің
басшысы Бақытжан Ордабаев Румынияның 2007 жылғы 1 қаңтарында ЕО-ның
толыққанды мүшесі болып, Румыния үшін бұл тарихи маңызды күн Қазақстан,
Румыния және Еуропалық Одақ араларындағы өзара тиімді
қарым-қатынастардың жаңа бір сатысына көтерілетініне сенім білдірді.
Жарияланған күні: 2006-12-13