ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад
ЖAҢAЛЫҚТAР



Ү.ж. 13 желтоқсанда ҚР Лондондағы Елшілігі Қазақстанның Егемендігінің 15 жылдығына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды


Үстіміздегі жылғы 13 желтоқсанда ҚР Лондондағы Елшілігі Британдық-Қазақ Қоғамымен бірлесе отырып, мемлекеттік мейрам – Қазақстанның Егемендігінің 15 жылдығына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Құрметті қонақ ретінде қабылдауға Қоғамның британдық тараптан қолдаушысы – Корольдік Мәртебелі Йорк Герцогі қатысты. Қоғамның қазақстандық тараптан патроны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев болып табылады.

Осы жылғы торқалы той британдық монархтардың лондондық резиденциясы – Сейнт-Джеймс Сарайында (St. James’s Palace) өтті. Бұл Лондондағы дипломатиялық тәжірибе үшін аса ерекше және беделді шара болды.

Қабылдауға британдық Үкімет, Парламент, Сыртқы істер министрлігі мен басқа да министрліктер, ведомстволардың, мәдени, ғылыми, БАҚ және іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, Лондондағы дипломатиялық миссиялар мен  халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары қатысты.

ҚР Елшісі Е.Ыдырысов пен Йорк Герцогы қонақтарға құттықтап сөз сөйледі. Эндрю ханзада өз сөзінде соңғы жылдары бірнеше рет Қазақстанға сапармен барғанын (тек қана осы жылы ол екі рет Қазақстанға барып қайтты) және өз көзімен еліміздің дамуын көргенін айтты. Егемендік алғанннан кейінгі жылдары Қазақстанның экономикалық және саяси дамуындағы жетістіктері туралы жылы лебіз білдіре отырып, еліміздің өз күшіне сенімділігін және екі мемлекет арасындағы байланыстарды кеңейту қажеттігін атап өтті. Сөзінің соңында Йорк Герцогі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, Қазақстан халқына табыс тіледі.

Салтанатты кеште қазақстандық музыканттар фольклорлық әуендерді орындап, жиынға ұлттық ерекшелік қосты. Қонақтар Астанадан келген Президент оркестрінің халық әндері ансамблі орындаған қазақ әуендерін тамашалады.

Қабылдауға келген қонақтарға Қазақстан туралы ақпараттық материалдар таратылды.


Жарияланған күні: 2006-12-13

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС