Ү.ж. 10 желтоқсанда ҚР Румыниядағы Дипломатиялық Миссиясында ҚР УСӨ Б.Ордабаев Румынияның БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Ү.ж. 10 желтоқсанда ҚР Румыниядағы Дипломатиялық Миссиясында ҚР УСӨ Б.Ордабаев Румынияның БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қатысты ҚР-дың ұстанымы туралы мәлімдеді.
30 қарашада Мадрид қаласында ЕҚЫҰ СІМ отырысында ҚР-дың 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі жөнінде қабылданған шешім Қазақстанның демократиялық қоғамды және либералды нарықтық экономиканы құру саласында нақты жетістіктерін тану және оны Қазақстан халқының және ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетістігі деп тану қажеттілігі жөнінде тілшілерге айтылды.
ЕҚЫҰ-да ҚР-дың 2010 жылғы саяси басқаруы еуропалық серіктестердің салмақты таңдауы ретінде көрініп, Қазақстан нақты бастамалар ұсынып отыр. Қазақстан өзінің үлгісімен экономикалық және саяси модернизациялаудың табысты тәжірибесін көрсетіп, ЕҚЫҰ принциптері мен құндылықтарын ілгерілете және қорғай алатын Орталық Азиядағы лидер ретінде танылып отыр.
«Румынияның Қазақстанды осы мәселеде қолдау көрсетуі нәтижесінде ақырғы шешімге тиісінше әсер еткені үшін румын тарапы шынайы қуанышты. Бұл ең алдымен Қазақстанның бүкіл халқының және елді демократиялық даму жолында салмақты саясатты жүргізіп отырған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетістігі болып табылады. ЕҚЫҰ-да төрағалық ету үлкен жауапкершілік, сондықтан да біз Қазақстан халықаралық проблемаларды шешуде белсенді басшы болатынына сенімдіміз, деп мәлімдеді сұхбатшылар.
Ал «Ziua» газетінің Бас директоры Сорин Стэнэскудің пікірінше, «Румыния Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық ету ниетін басынан қолдап отырды және қазір румындар қазақстандықтармен бірге төрағалық туралы оңды шешімнің қабылдануы жөнінде зор ықыласпен қабылдады. Әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздік сақтауға орасан үлес қосып отырған ел ретінде және Орталық Азия аймағында нақты лидер ретінде Қазақстанға 2010 жылы ЕҚЫҰ-да басшылық ету тиімді және қажетті. Бұл барлық ЕҚЫҰ-ға мүше – елдері үшін тиімді, бұған аймақтың мемлекеттерімен қоса барлық халықаралық қауымдастық қызығушылық білдіруде».
Жарияланған күні: 2007-12-10
|
 |