Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Осло қаласындағы Дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты арнайы қабылдау өткізді.
Үстіміздегі жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Осло қаласындағы Дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты арнайы қабылдау өткізді.
Салтанатты кешке Елшілер және Норвегия Корольдігінде тіркелген шетелдік әскери атташелері, Стортинг (Парламент) депутаттары, соның ішінде 2007 жылы құрылған «Қазақстанның достар тобы» мүшелері, Сыртқы істер министрлігінің, мұнай және энергетика, қорғаныс, денсаулық сақтау және әлеуметтік жағдай, қоршаған ортаны қорғау мен Норвегия Корольдігінің басқа ведомстволарының биік мәртебелі өкілдері, мұнай-газ іскери топтарының бизнес компаниялары, банк, телекоммуникация, азық-түлік, инвестиция, балық секторларының басқарушы жетекшілері, Норвегия Корольдігінің бұқаралық ақпарат құралдарының белгілі журналистері, Норвегия Корольдігіндегі, Швед Корольдігіндегі, Дания Корольдігіндегі қазақ диаспорасының басшылары және басқалар қатысты.
Қабылдау барысында нағыз қызығушылық тудырған кәсіби фольклорлық дуэт (қобыз, домбыра) орындаушыларының белгілі қазақ және европалық әндердің, соның ішінде норвегиялық композиторлардың шығармаларының орындалуы болды. Қазіргі Қазақстан туралы ұлғайтылған кең ауқымда фотокөрме көрсетілді. Қонақтардың назарына біздің елдің ақпараттық және таныстыру материалдары ұсынылды: брошюралар, кітаптар, журналдар, СD-дискілер, күнтізбелер.
Сұхбат барысында шетелдің елшілері мен норвегияның саяси қайраткерлері еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 2010 жылы Атқарушы Төрағалыққа қол жеткізгенімен құттықтады.
Жарияланған күні: 2007-12-12
|
 |