Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің мәлемдемесі
«Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы келісімді ұзарту туралы»
Астана қаласы 13 желтоқсан 2007 жыл
2007 жылғы 13 желтоқсанда Вашингтонда Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Ерлан Ыдырысов пен АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтс Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшырту қондырғыларын жою, ядролық қарудың таралуын болдырмау және апаттық жағдайлардың салдарын жою туралы келісімге түзету кірістіру жөнінде қол қойды. Аталған құжат Келісім күшін одан әрі 7 жылға ұзартады.
Бұл оқиға Қазақстанның жаһандық қарусыздану процестеріне және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға айқын дәлел болады, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан мен АҚШ-тың бірігіп салған күш-жігерін айғақтайды.
Қарусыздану мен таратпау саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бағытының негізгі тұтқасы болып табылады. Оның Семей ядролық сынақ полигонын жабу және ядролық қарудан өз еркімен бас тарту туралы тарихи шешімі еліміздің ядролық қарудан ерік, бейбіт әлем құруға, ядролық қауіпті азайтуға қосқан қомақты үлесі болды.
Осы саладағы қазақстандық-американдық өзара іс-қимылдар, АҚШ сенаторлары Сэм Нанн мен Ричард Лугар бастамасын көтерген «Қауіпті бірлесіп қысқарту» атты жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі бағдарламасынан бастау алады.
Аталған бағдарлама шеңберінде 1993 жылғы 13 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшырту қондырғыларын жою, ядролық қарудың таралуын болдырмау және апаттық жағдайлардың салдарын жою туралы шеңберлі келісімге» қол қойылды.
Осы жылдарда Келісім шеңберіндегі өзара іс-қимылдар: қорғаныс министрлігі мен кедендік қызметтер желісі бойынша ынтымақтастықтан, ғылыми және техникалық ақпаратпен алмасу, Қазақстанда конверсиялық жобаларды іске асыруға дейін, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізгі бөлігі болды. Ү.ж. қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында жасаған үндеуінде Президент Н.Назарбаев қарусыздану саласындағы маңызды бастамалар көтерді. Біздің мемлекетіміздің басшысы Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруы мен оның компоненттерінің таралуын болдырмау ісінде қызығушылық танытқан барлық мемлекеттермен ынтымақтасу саясатының айнымастығын тағы да растап, барлық елдерді оны әзірлеуден, иелену және қолданудан бас тартуға шақырды.
Келісімді кезекті жеті жылдық мерзімге ұзарту, 2006 жылғы жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық-американдық Бірлескен мәлімдемедегі таратпау саласында екі жақты ынтымақтастықты тереңдету туралы қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты іске асырылуы болып табылады.
Жарияланған күні: 2007-12-12
|
 |