Софияда болгар тіліне аударылған О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабының таныстырылымы өтті
Желтоқсанның 19-сы. Қазақстан Тәуелсіздігінің 16 жылдық тойы аясында Софияда салтанатты қабылдау және Олжас Сүлейменовтың танымал «Аз и Я» кітабының болгар тіліндегі аудармасының таныстырылымы өтті.
Болгар оқырманы түркі және славян мәдениеттерінің өзара кірігу феноменін түсіндіріп, ежелгі жазба ескерткіштерінің тарихына қалам тартқан, лингвистикадағы жаңа - түркі-славистика бағытының негізін қалаған автормен танысты.
Болгарлық мәдениет және өнер қайраткерлері, қазіргі заман жазушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, дипломатиялық корпус пен қазақ диаспорасы тарапынан бұл шара ерекше ықылас туғызды.
Жарияланған күні: 2007-12-18
|
 |