Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беназир Бхуттоның өлтірілуіне байланысты мәлімдеме жасады. «Қазақстанның
барша халқының атынан Беназир Бхуттоның және лаңкестік әрекеттің
салдарынан қаза болған басқа да құрбандардың туған-туыстары мен
жақындарына көңіл айтамын. Қазақстан тек Пәкістандағы ғана емес,
сондай-ақ күллі өңірдегі ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған бұл
өлтірілуді кесімді түрде айыптайды.
Пәкістан
халқы үшін осы бір күйзелісті күндері мен оларды салқынқандылық
танытып, бірлесіп, лаңкестік күштердің елде бейберекетсіздікке жол
беруіне мүмкіндік туғызбауға шақырамын. Бүгінгі таңда лаңкестік пен
экстремизмге қарсы күрес ісінде әлемдік қоғамдастықтың барлық күштерін
біріктірудің қажеттігі бұрынғыдан да өзекті болып отырғаны айқын.»
Жарияланған күні: 2007-12-28
|
 |