ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ү.ж. 15 желтоқсанда Женевада Тәуелсіздік күніне орай ресми қабылдау өткізілді

 

Үстіміздегі жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Женевадағы БҰҰ-ның Еуропалық бөлімшесінің жанында тіркелген дипломатиялық корпус пен басқа да арнайы халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін ресми қабылдау өткізілді.

Іс-шараға қатысқан қадірменді қонақтардың арасында БҰҰ-ның Еуропалық бөлімшесінің Бас директоры Сергей Орджиникидзе, Женевада тіркелген халықаралық ұйымдардың басшылары, ТМД мен Еуропа елдерінің Тұрақты өкілдері, іскер топтардың, қала әкімшілігінің, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қоғамдық қайраткерлері болды.

Мереке барысында қонақтармен өткен пікір алмасуда Тұрақты өкілдіктің дипломаттары тәуелсіздік алған жылдардағы республикамыздың жетістіктері туралы және сыртқы саясаттағы бүгінгі күнгі табыстары мен болшақтағы басымдықтары туралы баяндады. Қазақстанның әлемдегі төртінші орын алатын ядролық қарудан өз еркімен бас тартқаны мен Семей полигонын жабқаны туралы, сонымен қатар, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім   шаралары  жөніндегі   кеңес   (АӨСШК), «Ортақ әлем: әр алуандылық арқылы өркендеу» атты мұсылман әлемі мен Батыстың Сыртқы істер министрлерінің конференциясы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамалары жөнінде кеңінен айтылды.

Сергей Орджиникидзе Қазақстанға бірнеше рет іссапарлармен барған кезін жылы лебізбен еске ала отырып, сол сапарлардың барысында қазіргі Қазақстанның қарқынды дамып отырған және саяси тұрғыдан тұрақты мемелекет екеніне көзінің жеткенін ерекше атап өтті.

Тәуелсіздік алған жылдардың басында қабылданған көптарапты сыртқы саясатты ұстана отырып, Қазақстан өз жауапкершілігіне алған міндеттемелерді тұрақты түрде орындау арқылы халықаралық аренадағы өзінің беделін нығайтқанын Финляндияның БҰҰ-ның жанындағы Тұрақты өкілі Хану Химамен мәлімдеді. Ол аталған саясаттың айқын көрінісі ретінде барлық Еуропа елдерімен ынтымақтастықты нығайту үшін жуық арада Астанада қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын келтірді. Хану Химаменнің айтуынша, қарқынды дамып келе жатқан Орталық Азияның дербес елі – Қазақстан үшін елде қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Еуропа елдерімен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге көптеген мүмкіндіктерді ашады.

Данияның Елшісі Мари-Луйз Овервард (Marie-Louise Overvad) Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктеріне қатысты «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламаның бұған дейін қабылданған «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары» мемлекеттік бағдарламасымен үндес келетінін атап өтті.

Қабылдау шеңберінде қазақстандық таңдамалы өнім -  қара уылдырықтың тұсаукесері өткізілді. Аталған өнімді сататын «Kazakh Kaviar» (Қазақ уылдырығы) дүкені жуық арада Женеваның  маңында ашылған болатын.

 

Жариялаған күні: 2008-12-15

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС