ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ү.ж. 16 желтоқсанда Берн қаласында Тәуелсіздік күніне орай ресми қабылдауы өтті

 

 


 

Үстіміздегі жылғы 16 желтоқсанда Берн қаласында ҚР Швейцариядағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай ресми қабылдау өткізді. Іс-шараға Швейцария Үкіметінің, Парламентінің, іскер топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Қабылдау барысындағы сөзінде А.Жанқұлиев тәуелсіздік алған жылдардағы еліміздің жетістіктері туралы және Қазақстанның еуропалық стандарттарды орнатуға ұмтылған, қарқынды дамып келе жатқан жас ел екені және ол саяси-экономикалық жаңартуды одан әрі жалғастыруды көздейтінін айтты. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі туралы және іске асырылуы 2009-2011 жылдарға жоспарланған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде  Қазақстан мен Еуропалық Одақпен саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы ынтымақтастығын дамытуды қолға алатыны жөнінде мәлімдеді. Қазақстанның діндер мен цивилизациялардың арасындағы түсіністікті нығайтуға бағытталған іс-шаралары жөнінде айта отырып, елде жемісті түрде өткізілген «Ортақ әлем: әр алуандылық арқылы өркендеу» атты мұсылман әлемі мен Батыстың Сыртқы істер министрлерінің конференциясы мен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екі съезі туралы Елші кеңінен баяндады.

Қабылдауға қатысқан көптеген дипломаттар Қазақстан бүгінгі күнде халықаралық қауымдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде тәуелсіздік алған жылдардың басында қабылдаған көптарапты сыртқы саясатты тұрақты түрде ұстана отырып, оны одан әрі іске асыру мақсатында Еуропа елдерімен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге көптеген мүмкіндіктерді ашатын «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жуық арада қабылдағанына жоғары баға берді.

Швейцариялық қонақтар Қазақстан мен Швейцарияның ынтымақтастығының қарқынды түрде және өзара түсіністік жағдайында дамып келе жастқанын мәлімдей отырып, қазіргі уақытта екі ел арасында жоғары деңгейдегі байланыстар орнатылып, сауда-экономикалық және мәдени іс-шаралар жемісті түрде жүргізіліп жатқанына назар аударды. Атап айтқанда, Швейцариянының Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің аймақтық  үйлестірушісі Норберт Бэрлохер Швейцарияда Қазақстанға деген үлкен қызығушылықтың бар екенін мәлімдеп, Берннің Астанамен ынтымақтастықтасуын одан әрі дамытуға дайын екендігін айтты. Сонымен қатар, швейцария тарапы Қазақстанның басшылығы ұстанып отырған елде бәсекелестік пен демокаратияны дамытуға бағытталған саяси бағдарға жоғары баға беретінін жеткізді. 

Қабылдау шеңберінде қазақстандық таңдамалы өнім -  қара уылдырықтың тұсаукесері өткізілді. Аталған өнімді сататын «Kazakh Kaviar» (Қазақ уылдырығы) дүкені жуық арада Женеваның  маңында ашылған болатын.

                                                                              

                                                                                  Жариялаған күні: 2008-12-16

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС