ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ү.ж. 16-17 күндері ҚР Жапониядағы Елшісі А. Камалдинов Жапонияның маңызды министрлерімен бір-топ кездесулер өткізді.

 

            Ү.ж. 16 желтоқсан күні орын алған Жапонияның қаржы министрі, қаржылық ұсыныстарды қадағалау бойынша Мемлекеттік министрі Шёичи Накагавамен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының жағдайын және оларды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Оған қоса, тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы қаржылық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жаңа тығыз байланысқа шығару жолдарын қарастырды.

Ш.Накагаваның айтуынша ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осы жылы (18-22 маусым) Жапонияға жасаған сапары екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға берер үлкен түрткі болғандығын айтты. Осы себепте соңғы кезде Жапонияның қаржылық институттарының Қазақстанға деген қызығушылығы байқалып отырғандығын және Жапонияның әлемдегі ең ірі банкілерінің бірі  «Токио Митцубиши Ю-Эф-Джи» банкісінің ү.ж. қараша айында Қазақстанда өз өкілдігін ашуы бұған бірден-бір дәлел екендігін хабарлады.

Кездесу барысында Елші А. Камалдинов еліміздің экономикалық және өндірістік әлеуетін нығайтудағы және әлемдегі 50 көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосылу жолындағы маңызды рөл атқарушы серпінді жобаларды табыс етті. 

Өз ретінде Ш. Накагава Жапонияның Қазақстанмен Парламенттік достастық лигасының құрметті Төрағасы бола тұрып, достастық лигасы атынан достас қазақ халқына және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ізгі құттықтау сөздерін жолдады. 

            Ү.ж. 17 желтоқсанда Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау мақсатында Елші А.Камалдинов пен Жапонияның Реформаларды реттеу жөніндегі министрі, бұрынғы Экономика, сауда және индустрия министрі    А.Амаридің кездесуі өтті.

 Жапон тарапына ұсынылып отырған Қазақстан экономикасын толықтай модернизациялауға және дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға жапондық Министр жан-жақты қолғабыс көрсететініне сендірді.  

Министр А.Амари ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жақындағы Жапонияға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тездетіп іске асыру мәселесінің маңыздылығын атап өтті.  

Кездесу соңында А.Амари Қазақстан халқы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа еліміздің Тәуелсіздік күніне орай құттықтауы мен мен ізгі  ниетін жеткізуді сұрады.

 

 

 

 Жариялаған күні: 2008-12-16

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС