ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ү. ж. 16 желтоқсанында Загреб қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ресми қабылдауы өткізілді

 

2008 ж. 16 желтоқсанда Хорватияның астанасы Загреб қаласында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы-Тәуелсіздік күніне орай хорватияның ресми, іскери шеңберлері және хорват қоғамының өкілдерінің қатысуымен ресми қабылдау өтілді.Сонымен қатар, аталған қабылдауға Хорватия Саборының (Парламенті) депутаттары, атап айтқанда қазақстан-хорватия парламентаралық тобының мүшелері, Қазақстанда жұмыс істейтін хорват компанияларының басшылары, ҚР Консулдігінде тіркелген Қазақстан азаматтары және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

140 адам қатысқан салтанаты іс-шараның Құрметті қонағы Хорватия Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрея Явор ханым, қауымды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 17-жылдығымен құттықтады. 2008 ж. 17 қазанда  Ас­тана қаласында өткен  “Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы прогреске” атты Мұ­сыл­ман әлемі және Батыс елдері сырт­қы істер министрлерінің фо­румына Хорватия делегациясын бастар барған А. Явор ханым Қазақстанның сыртқы саяси әрекетіне оң баға беріп, еліміздің халықаралық бастамаларын хорват тарабы жоғары бағалайтындығын және қолдайтындығын ерекше атап көрсетті.    

Қабылдау барысында «Кәзіргі Қазақстан» атты фотосурет көрмесі жиылғандардың назарына  ұсынылды және қазақ әуенінің сүйемелдеуімен «This is Kazakhstan» атты Қазақстан және оның әрұлтты халқының өмірі жөніндегі видио  шоу көрсетілді.

Таратылатын материал ретінде ағылшын және хорват тілінде ұсынылған, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық етуі туралы шешімі негіз болған  «Еуропаға жол» бағдарламасының брошюралары хорват қауымдастығының ерекше қызығушылығын туғызды.

Қабылдау барысында ҚР Жамбыл облысының сауда-өндірістік палатасының төрағасы Сергали Қадыралиев және ҚР сауда-өндірістік палатасының Хорватиядағы өкілі Бранко Станойковски аталған бағдарламаның негізгі мақсаттарымен жиналғандарды таныстырды.  Атап айтқанда, Б.Станайковски  еуропалық мем­­лекеттермен арадағы тауар ай­налымынын ұл­ғайтуды, көлік же­лі­лерін да­мытуға байланысты бір­лескен жо­баларды әзір­леу­ді, тех­ни­калық регламенттер мен стан­дарт­тарды Еуро­па­лық Одақ талаптарына сәй­кес­тендіруді көздеп отырған бағдарламаның ерекшеліктерін және осы орайда, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолындағы бағдарламаның өзара тиімді сипатын атап өтті.

Хорват тарапының өкілдері Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі 17 жыл ішінде экономикалық және саяси салаларда қол жеткізген же­тістіктерін айтып,  Қазақстанның қазіргі әлемдегі рөлінің артып отырғандығын, халық­ара­лық аренадағы беделі жоғар­лауында елдің сыртқы саяси қыз­метінің еңбегі ерекше екендігін атады.

 

 

 Жариялаған күні: 2008-12-16

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС