ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
SWFObject 2 static publishing example page
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы



Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
free counters
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ү.ж. 16 желтоқсанда Анкарада Қазақстан Республикасының  Түркия Республикасындағы Елшілігі Қазақстанның Тәуелсіздігіне 17 жыл толған мерекесіне орай салтанатты қабылдау өткізді

 

             Үстіміздегі жылғы 16 желтоқсанда Анкарадағы Қазақстан Республикасының  Түркия Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Тәуелсіздігіне 17 жыл толған мерекесіне байланысты салтанатты қабылдау өтті.

               Аталмыш шараға Түркия Республикасы Президенттік Әкімшілігінің жетекшісі Мустафа Исен, ТР Президентінің орынбасары Хүсен Карслыоғлу, Түрік Үкіметінің 7 мүшесі, оның ішінде Премьер-министрдің орынбасары Жемиль Чичек, мемлекеттік министрлер Саид Йазыджыоғлу мен Мехмет Шимшек, Қаржы министрі Кемал Унакытан, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Хильми Гүлер, Қоршаған орта мен орман шаруашылығы министрі Вейсель Эроғлу, Ұлттық білім министрі Хүсейін Челик, Парламенттің депутаттары, Анкарада тіркелген дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық ұйымдардың басшылары,  қоғамдық-саяси және іскер адамдардың өкілдері, мәдениет пен өнер қызметкерлері мен қазақ диаспорасы қатысты.

Қабылдауда сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Бағдат Әміреев Қазақстанның 17 жылдық даму кезеңінде қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Ол тәуелсіздік жылдары Республикада ерекше үйлесімділікпен көпұлтты қоғам мен серпінді дамып келе жатқан экономика құрылғанына көңіл аударды. Қазақстан ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сияқты ұйымдарды құруда бастама көтеруші және құрушы болып халықаралық өмірде нақты ықпал ететінін білдірді. Оның сөзі бойынша мемлекетіміз АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің құрылтайы сияқты халықаралық маңызды бірқатар бастамаларды көтеріп, еліміз аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қомақты үлес қосуда. Сонымен қатар, Елші қатысушыларға Қазақстан  2010 жылы ЕҚЫҰ-ға мен  2011 жылы ИКҰ-ға төрағалық ететінін білдіріп, Батыс пен Шығысты, Еуропа мен Азияны, Батыс пен Ислам әлемін бір-бірімен жақындатуда маңызды ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Елші сонымен қатар, Қазақстан мен Түркияның екіжақты ынтымақтастығы серпінді дамып отырғаны туралы атап өтті.

Елшіліктің Тәуелсіздік күнін атап өту шеңберінде «Тұран» атты фольклорлық топ пен «Гүлдер» ансаблінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

          

Жариялаған күні: 2008-12-16

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
Карта портала МИД РК
08-ҚР СІМ реквизиттері
2010-07-29
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы: Хельсинки Қорытынды актісі 35 жыл ішінде өзінің өзектілігінен айырылған жоқ 
 
2010-07-27
«Вена – Еуропа жүрегі» сауалнама-байқауын өткізу жөнінде» 
 
2010-07-25
«Астана» командасы мен Қазақстан «Тур де Франс»-та қол жеткен жетістікпен құттықтауларды қабылдауда 
 
2010-07-23
ШЫҰ шеңберіндегі Өзбекстанмен саяси консультациялары туралы 
 
2010-07-22
ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев бүгін Ұйымның Венадағы тұрақты кеңесінің Қырғызстанға Полицейлік Консультативтік Топты жолдау туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалады 
 




astana calling

СІМ басылымдары
Jurnal_Kazakhstan_2009.pdf


2010 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
“Центр консалтинга и новых технологий” ЖШС-ның техникалық көмегімен