ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ү.ж. 19 желтоқсанда Токио қаласында Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа салынатын салықтан жалтарудың алдын алу туралы мемлекет аралық Конвенцияға қол қойылды.

 

Ү.ж. 19 желтоқсанда Токио қаласында Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың тарихында тұнғыш рет Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа салынатын салықтан жалтарудың алдын алу туралы мемлекет аралық Конвенцияға қол қойылды. Аталмыш құжатқа Жапонияның Сыртқы істер министрі Хирофуми Накасонэ және Қазақстан тарапынан ҚР Жапониядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін Жапония сыртқысаяси мекемесі басшысымен болған кездесу барысында Елші А.Камалдинов бүгінгі қол қойылған конвенцияның екі ел арасындағы сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық ынтымақтастықтың негізін қалайтын басты құжат болып табылатынын айтты.

Қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті          Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы маусым айында Жапонияға жасаған сапары және сапар кезінде екі жақтың қол жеткізген уағдаластықтары, Қазақстан мен Жапонияның стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуына дайындығын көрсеткенін айрықша атап өтті.

Өз ретінде, жапондық саясаткер Қазақстан мен Жапония арасындағы қатынастарды нығайту мен тереңдетуге бағытталған барлық мәселелерге барынша қолғабыс көрсететінін айта келе, Жапонияның Сыртқы істер министрлігі басшылығының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі М.Тәжинді 2009 жылы Жапонияға ресми сапармен шақыру шешімін қабылдағаны туралы айтты.

Кездесу соңында Х.Накасонэ Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде Елші А.Камалдинов Жапонияның Сыртқы істер мекемесі басшысын аталмыш елдің Императоры Акихитоның таққа отырғандығына 20 жыл толу мерейтойымен құттықтады.

 

Жариялаған күні: 2008-12-19

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС