ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ү.ж. 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Либия Жамаһириясындағы Уақытша сенімді өкілі Ержан Мұқаштың осы елдің Сауда және өнеркәсіп палаталары одағында аталған мекеменің басшысы Джума Али Альуста мырзамен кездесуі өтті

 

            Үстіміздегі жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Либия Жамаһириясындағы Уақытша сенімді өкілі Ержан Мұқаш осы елдің Сауда және өнеркәсіп палаталары одағында аталған мекеменің басшысы Джума Али Альуста мырзамен кездесті.

            Кездесу барысында қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы сұхбаттасқа еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы жайында әңгімелеп берді. Өткен аптада ғана тәуелсіздігінің 17-ші жылдығын мерекелеп өткен Қазақстан Республикасының осыншама қысқа тарихи мерзімде өзінің мемлекеттігін қалыптастыруда, қуатты экономикасын дамытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізгеніне назар аударылды.

            Сонымен қатар тәуелсіздік жылдары өзінің салиқалы сыртқы саясатының арқасында халықаралық сахнада зор беделге  ие болған Қазақстанның  Батыспен де, Шығыспен де жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға жіті көңіл бөліп келгені түсіндірілді. Астананың мұсылман және араб әлемімен тығыз қарым-қатынас орнатқаны жөнінде сөз қозғалып, осы орайда алғашқылардың қатарында біздің тәуелсіздігімізді мойындаған Либия Жамаһириясының Қазақстанда өз дипломатиялық өкілдігін ашқанына ризашылық білдірілді.

            Джума Альуста мырзаның хабарлауынша, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ахуалы екі елдің нақты әлеуетіне сай келмей тұрғанын атап өткен қазақстандық дипломат осы орайда екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстарды орнатудың айтарлықтай тиімділігі бар екеніне назар аударды. Атап айтқанда, осы мақсатта екі ел сауда және өнеркәсіп палаталары делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру мүмкіндігі сөз етілді.

 

 

Жариялаған күні: 2008-12-22

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС