ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
SWFObject 2 static publishing example page
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы



Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
free counters
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е.Ашықбаевтың

2009 жылғы 7 желтоқсандағы брифингте хабарлайтын ақпараттары

 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 

 

БҰҰ Бас Ассамблеясының «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн» атты резолюциясы туралы

 

30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы консенсус негізінде Қазақстан Республикасы бастамасымен ұсынылған «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн» резолюциясын қабылдады. Өздеріңізге мәлім, тиісті бастаманы Елбасы Н.Назарбаев осы жылғы 18 маусымда Семейде өткен жиында ұсынған болатын.

Ядролық сынақтардың адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тигізер теріс әсерін мойындай отырып, сондай-ақ оларды токтатудың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудегі маңызды құралдардың бірі екендігін ескере отырып, резолюция 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялайды.

Консенсус негізінде қарардың қабылдануы халықаралық қауымдастықтың жаһандық қауіпсіздік пен жаппай қырып жою қаруын таратпауға Президент Н.Назарбаев басшылығымен Қазақстанның қосқан үлесін мойындауы болып табылады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Президенті бастамасына қолдау көрсеткен барлық мемлекеттерге ризашылығын білдіреді.

 

12 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жұмыс сапары жоспарланып отыр. Аталмыш сапардың еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілуі Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінің айкын дәлелі болып отыр. Жоғары деңгейде өтетін кездесу шеңберінде 2009 жылғы екіжақты ынтымақтастық қортындыланып, өзара әрекеттердің жаңа жобалары талқыланатын болады.

Сапар барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші желісін ашу салтанатына және екінші желісінің балқытып біріктіру жұмысының аяқталуына қатысады.

 

9-10 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Германиядағы Қазақстан Жылының салтанатты жабылу рәсіміне қатысуына байланысты Берлинге сапары өтеді.

Сапар барысында ГФР-дың Вице-канцлері - Сыртқы істер министрі Г.Вестервеллемен, Бундестагтың басшылығымен, ГФР-дың Мемлекеттік хатшысы - Федералдық президенті ведомствосының басшысы Г-Ю.Вольфпен және ГФР-дың бұрынғы Вице-канцлері - Сыртқы істер министрі Х-Д.Геншермен жоспарланған кездесулерде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланатын болады.

 

7-10 желтоқсанда Женевада СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Мәдина Жарбосынованың басшылығымен Қазақстанның ведомствоаралық делегациясы БҰҰ Адам Құқықтары жөніндегі Кеңесінің Универсалды мерзімді шолу жөнінде Жұмыс тобының 6-шы сессиясына қатысуы жоспарлануда.

Сессияның жұмыс шеңберінде 10 желтоқсанда, яғни Адам құқығы күнінде, Қазақстанның делегациясы елімізде 2009-2012 жылдары Адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-әрекеттер жоспарының таныстыру рәсімін өткізеді.

Универсалды мерзімді шолу – бұл БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңес тарапынан бүкіл мүше-мемлекеттердің құқық қорғау саласында өз міндеттемелерін орындау жөнінде тұрақты шолу жасау механизмі.

 

7-8 желтоқсанда Қазақстанға Норвегия Корольдігінің экс-Премьер-Министрі, Бейбітшілік пен адам құқықтарын қорғау Орталығының Президенті К.Бондевиктің сапармен келуі жоспарланған.

Сапар барысында К.Бондевик еліміздің ресми тұлғаларымен кездесіп, 2010 ж. ҚР-ның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына қатысты түрлі мәселелерді талқылайды.

 

9-11 желтоқсанда Брюссельде ЕҚЫҰ тақырыбында жоғары деңгейдегі семинар өтеді. Семинардың мақсаты ЕО мүше елдердің ЕҚЫҰ-да төрағалық тәжірибесімен танысу болып табылады.

Аталған іс-шарада ЕО-ның жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Қазақстан тарапынан семинарға Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Д. Қуанышев қатысады.

 

11 желтоқсанда Минскіде «Қазақстан республикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: перспективалар, мәселелер және қыр көрсетулер» атты халақаралық конференциясы өтеді.

Конференцияда Қазақстанның төрағалыққа дайындығы жөнінде мәселелерді талқылау «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы қатысушыларды ақпарат ету және 2010 жылдағы ЕҚЫҰ төрағалығының логотипінің түсау кесері жоспарлануда.

 

13-16 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Роберт Блейктің Қазақстанға сапары жоспарланған. ҚР ресми өкілдерімен болатын келіссөздерде елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, аймақтық қауіпсіздік, экономика және сауда саласындағы, сондай-ақ көпжақты ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.

 

8-9 желтоқсан кезеңінде Алматы қаласында Есiрткiге бақылау жасау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандум тараптарының 8-ші кездесуі өтеді.

Шетелдік делегациялар басшылары сыртқы және ішкі істер министрлер мен олардың орынбасарлары деңгейінде қатысады. Сонымен қатар, кездесуге халықаралық ұйымдар мен есірткіге қарсы құрылымдардың өкілдері және бақылаушы мемлекеттер мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) донор мемлекеттерінен қонақтар шақырылған болатын.

Ашық талқылаудың барысында есіртікімен күресу, сұранысты азайту және келешек аймақтақтық ынтымақтастық қарастырылады.

Аталған кездесу бағдарламасының басты шараларының бірі және Меморандумға қатысушылардың ең алып жобасы болып табылатын ОАӨАҮО-ң инаугурациясы өткізіледі деп күтілуде.

1996 жылы 4 мамырда Ташкент қаласында Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз өндірілуін, айналымын және теріс пайдаланылуын бақылау саласындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандумға Орталық Азияның сыртқы істер министрлері және БҰҰ Есірткі мен қылмыстық жөніндегі басқармасының атқарушы директоры қол қойған болатын. Кейін меморандумға Ресей, Әзірбайжан, Ага Хан даму фонды қосылды.

 

ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімге 2006 жылы 24 шілдеде қол қойылған болатын және 2009 жылы 4 қыркүйекте келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ресімдері орындалғаннан кейін Алматы қаласында штаб-пәтері орналасқан Орталық толық қанды халықаралық ұйым ретінде жұмысқа кіріскен болатын.

ОАӨАҮО орталығының алдына есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күресу, ақпаратпен алмасу, құзыретті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдар механизмдерін жасау, аймақтық күш құрылымдарының есірткі трафигі жолдарын жою бойынша бірлескен іс-шараларын ұйымдастыру бойынша мүше-мемлекеттердің қолданатын әрекеттерін үйлестіру мақсаттары қойылған.

 

Жарияланған күні: 2009-12-07

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
Карта портала МИД РК
08-ҚР СІМ реквизиттері
2010-07-29
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы: Хельсинки Қорытынды актісі 35 жыл ішінде өзінің өзектілігінен айырылған жоқ 
 
2010-07-27
«Вена – Еуропа жүрегі» сауалнама-байқауын өткізу жөнінде» 
 
2010-07-25
«Астана» командасы мен Қазақстан «Тур де Франс»-та қол жеткен жетістікпен құттықтауларды қабылдауда 
 
2010-07-23
ШЫҰ шеңберіндегі Өзбекстанмен саяси консультациялары туралы 
 
2010-07-22
ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев бүгін Ұйымның Венадағы тұрақты кеңесінің Қырғызстанға Полицейлік Консультативтік Топты жолдау туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалады 
 




astana calling

СІМ басылымдары
Jurnal_Kazakhstan_2009.pdf


2010 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
“Центр консалтинга и новых технологий” ЖШС-ның техникалық көмегімен