ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы І. Омаровтың

2009 жылғы 14 желтоқсандағы брифингте хабарлайтын ақпараттары

 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 

14-15 желтоқсанда Иран Ислам Республикасының Сауда министрі Мехди Газанфари бастаған ирандық делегацияның Қазақстанға іссапары жоспарланып отыр. Сапар барысында елеіміздің ресми топ өкілдерімен жоспарланған кездесулерде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланатын болады.

Аталмыш сапардың мақсаты ирандық инвесторлар мен бизнес өкілдерін Қазақстанның инвестициялық жобаларымен таныстыру және Шымкент қаласының «Әл-Фараби» сауда орталығында 2010 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейтін ирандық тауарлардың тұрақты көрмесін ашу болып табылады.

 

13-15 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Роберт Блейктің Қазақстанға сапары жоспарлануда. ҚР ресми өкілдерімен болатын келіссөздерде елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, аймақтық қауіпсіздік, экономика және сауда саласындағы, сондай-ақ көпжақты ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.

 

14-15 желтоқсанда Қаирда «Жерорта теңіздік әріптестер және ЕҚЫҰ: қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі ынтымақтастық» тақырыбындағы конференция өтеді. Аталған іс-шара біздің мемлекетіміз үшін қорытынды болып табылады, себебі Қазақстан Жерорта теңіздік әріптестер тобында өзінің Төраға лауазымын аяқтайды.

Конференция барысында қатысушалар ЕҚЫҰ жауапкершілік және Жерорта теңізі аймақтарда әскери-саяси аспектілер қауіпсіздігі, көші-қон процесстеріне дағдарыстың тигізер әсері және ЕҚЫҰның Жерорта теңіздері елдері арасындағы ынтымақтастық төңірегіндегі тақырыптарды талқылау жоспарлануда.

 

19-20 желтоқсанда Алматы қаласында ТМД-ға мүше елдер  мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтеді.

Кездесу барысында қазіргі заманғы қауіптер мен қатерлерге қарсы тұру және өңірлік өзара әрекет етудің өзекті мәселері оның ішінде ЕурАзЭҚ шеңберінде  Кедендік одақ құру процесі  бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, ЕурАзЭҚ бағыты бойынша мәселелерді талқылау шеңберінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттер жоспарының жобасын әзірлеу барысы туралы Кедендік одақ комиссиясы мүшелерінің баяндамасын тыңдау болжанып отыр. Одан басқа, мемлекет басшылары 2010 жылы болатын ЕурАзЭҚ-те Қазақстан Республикасының төрағалығы мен Қауымдастықтың мерейтойын ескере отырып, кедендік одақты құру және өңірдегі экономикалық интеграцияның перспективалары жөнінде пікір алмасады

ҰҚШҰ жауапкершілігі аймағындағы ахуал, атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша  қолданылып жатқан шаралар туралы пікір алмасу жоспарланып отыр.

 

Қазақстан Республикасының Таиландтағы дипломатиялық миссиясы мәлімдеуінше 2009 жылғы 12 желтоқсанда Бангкок қаласында ұсталған ұшақ (Ил-76 (бүйір номері - AWG-732) Грузиядағы «Air West Georgia» компаниясына тіркелген. Ұшақты  Жаңазеландиялық “SP Trading Ltd.” Компаниясы жүк тасымалдау мақсатында жалға алған.

            Ұшақ экипажы құрамы - 4 қазақстандық азамат және бір  Беларусь азаматы ұшаққа қызмет көрсетуші қызметкерлер ретінде «Air West LTD» компаниясында жұмыс істегендері анықталды.. Бұл халықаралық нормаларға сай қалыпты жағдай.

            Қазақстан Республикасының Таиландтағы дипломатиялық миссиясы айтылған оқиғаның егжей-тегжейін айқындау бойынша, сондай-ақ ҚР азаматтарына көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қолға алуда.

 

Жарияланған күні: 2009-12-14

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС