ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚР Мемлекеттік-хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың пен Оңтүстік және орталық Азия жөніндегі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейкпен кездесті
15 желтоқсанда Астанада ҚР Мемлекеттік-хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың пен Оңтүстік және орталық Азия жөніндегі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейкпен өткен кездесуі барысында екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар Астана мен Вашингтон арасындағы ашық және сенімді сипаттағы байланыстарға тоқтала отырып, екіжақты қатынастарды сапалық тұрғыда жаңа деңгейге шығаруға әзір екендіктерін білдірді.
Бұл тұрғыда келесі жыл өзараықпалдастықты дамытуда ерекше жыл болмақ. Американдық дипломат атап өткендей, 2010 жылдың сәуірінде Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық Саммит шеңберінде Президент Б. Обама ақүйде Президент Н. Назарбаевпен кездеседі деп күтілуде.
Америка жағы ЕҚЫҰдағы Қазақстан төрағалығы барысындағы әрекеттер мен бастамалар қолдау көрсететіндіктерін растады. Нақтырақ айтқанда Вашингтон 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммиті жұмыстары шеңберінде консультацияларды жалғастыратын болады. Тараптар осы бағыттағы қадамдар жөнінде пікір алмасты. ЕҚЫҰ шеңберіндегі жоғарғы кездесулердің үш өлшемге қатысты Ұйым әрекеттерін жетілдіруге бағытталуы қажеттілігіне тоқталды. Осыған байланысты тараптар жоспарланудағы Саммиттің мазмұндық тұрғыдағы жұмыстарын жүргізуге жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Аймақтық қауіпсіздік жағынан Р.Блейк Қазақстанның Ауғанстанды тұрақтандыруға қатысты еңбегі үшін Президент Б. Обаманың Қазақстанға деген алғысын жеткізді. Ол Мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтің Кабулға сапары барысында қол жеткізген ауғандық мамандарды даярлау жөніндегі келісімінің Ауған қауымдастығының дамуына қосқан үлесі екендігіне ерекше тоқталды.
Келесі жылға жоспарланудағы Саудабаев-Клинтон саяси консультацияларының дүниеге келуі Қазақстан-Американ үнқатысуларының дамуына өз септігін тигізбек.
Екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуда Мемлекеттік-жеке экономикалық серіктестік, экономикалық даму бағдарламалары және т.б. тетіктер маңызды роль атқармақ. Сонымен қатар тап осы мақсаттарға «Екі ел арасындағы жеке секторлар үнқатысуы» атты жыл сайынғы саяси консультациялар қызмет етпек.
Р.Блейк Қазақстанның азаматтық салада қол жеткен үлкен жетістіктеріне де тоқталды. Нақтырақ айтқанда, «азаматтық қауымдастық өкілдерімен диалог жүргізуге арналған ҚР СІМ жанындағы консультативтік кеңестің құрылуына» және әлеуметтік - экономикалық заң жобаларын дайындауда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуына жоғары баға берді.
Бұдан басқа тараптар екіжақты байланыстардың артуы қанағаттанарлық деңгейде екеніне тоқтала отырып, жоғары деңгейдегі екі ел сапарларын жалғастыратындықтарына сенім білдірді.
2010 жылдың басында Мемлекеттік хатшы – министр Қ. Саудабаевтің ЕҚЫҰ төрағасы ретінде АҚШ-қа, ал келесі жылы Мемлекеттік хатшы Х. Клинтонның Қазақстанға сапары жоспарлануда.
Аталған келіссөздер екі ел арасындағы өзаратүсіністікпен ықпалдастықтың жоғары деңгейде екендігін тағы да дәлелдеді. Қ. Саудабаевтің сөзі бойынша, «Қазақстан АҚШ-тың аймақтағы ең сенімді серіктесі болып отыр және болып қала бермек»
Жарияланған күні: 2009-12-15