ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне байланысты АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы
Х. Клинтонның құттықтау сөзі
Америка Құрама Штаттарының халқы мен Президент Обаманың атынан мен Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың 16 желтоқсанында атап өтілетін Тәуелсіздіктің 18 жылдығымен құттықтаймын. Біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, екіжақты сыйластық пен ортақ мүдделер негізінде қаланып, қауіпсіздіктің нығайуы мен халықтарымыздың гүлденуіне әсерін тигізеді.
Америка Құрама Штаттары әлемдегі Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған бірінші мемлекет болған. Сол уақыттан бастап біз экономикалық қатынастарды жақсарту үшін, жауапты да сенімді энергетикалық болашақты қамтамасыз ету үшін, аймақтық қауіпсіздік пен ядролық қауіп қатерді азайтуда кепіл ретінде өзара тығыз қарым-қатынастамыз. Қазақстан өзінің ядролық арсеналынан бас тартқандығы арқасында әлемнің түпкір-түпкіріндегі бейбітшілік үшін күрескерлер арасында беделге ие болып, соның арқасында қаруды таратпауда көшбасшы болды. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның келесі жылы Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын басқарған уақытта халықаралық көшбасшылығын сақтайтынына сенімді.
Мен қазақ халқының қонақжайлылығы мен жылы мейірімділігі туралы тек естіп қана қойған жоқпын, сондықтан қазақстандықтарға бұл маңызды және тарихи оқиғаға байланысты өзімнің ең жақсы тілектерімді білдіремін. Бұл Қазақстанның мәдени мұрагерлеріне өз сый-құрметімізді білдіріп және де тағы бір рет бейбіт және гүлденген болашаққа деген өз ынтамызды көрсету мүмкіндігі болып табылмақ.
Мемлекеттік департамент, дүйсенбі, 14 желтоқсан 2009 жыл.
Жарияланған күні: 2009-12-15