ЖАҢАЛЫҚТАР
Ү.ж. 15 желтоқсанда Будапештте ҚР елшілігі Қазақстанның 18 жылдық тәуелсіздігіне байланысты қабылдау ұйымдастырды
Ү.ж. 15 желтоқсанда Будапештте Қазақстан Республикасының елшілігі Қазақстанның 18 жылдық тәуелсіздігіне байланысты Венгерлік Республиканың министрліктері мен ведомстваларының басшылары мен Ұлттық жиналыстың парламентерлері және әлеуметтік-саяси, мәдени, іскерлік алқаның өкілдері, шығармашылық интелегенция, дипкорпус және қазақ диаспорасының қатысуымен салтанатты қабылдау өткізілді.
Өзінің сөз сөйлеуінде Қазақстан Республикасының елшісі Рашид Ибраев мемлекеттегі әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгеріс туралы, Афинадағы ЕҚЫҰ-нің МИДтан желтоқсандық қортындылауы туралы, Ұйымның торағасы ретінде Қазақстанның мақсаттары мен мүдделері туралы атап айтып кетті. Қазақстандық елші халықаралық қоғамдастық біздің мемлекеттің жетістіктеріне жақсы баға беруі 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ны өкілеттік етуді сенімділікпен тапсыруында көрінетінін атап айтып кетті. Бұл тарихи оқиға призидент Н.Назарбаевтің әлемнің барлық елдерімен сыртқы саяси курсындағы достастық қарым-қатынастың дұрыстығын дәлелдейді.
ҚР елшісі дәрісхананы Қазақстан ұлттар Ассамблеясының жұмысымен, «Европаға апарар жол» атты бағдарламаның іске асуымен, біздің мемлекеттің ШЫҰ қатысуы мен БСҰ-на кіруге бағытталған дайындықтар туралы және де қазақ дипломатиясының басқа да көпвекторлы аспекттері туралы атап айтып кетті.
Қазақстан мен Венгрия арасындағы қатынастар туралы Р.Ибраев екі мемлекет арасында сындарлы сұхбат орнатылып, екіжақты қарым-қатынастың жақындатылған дәрежесі ұстанатынын атап айтып кетті. Бұл жыл барлық салаларда байланыстардың жандандырылғанының куәгері болды.
Қабылдау барысында венгерлік саяси истэблишменті мен дипломатиялық корпус мемлекет Басшысына және оның жүзінде қазақ халқына Тәуелсіздік күні мен ЕҚЫҰ-ның басында келесі жылы төрағалық етуіне байланысты өз құттықтауларын тапсырды.
Іс-шара барысында біздің мемлекет туралы ақпараттық хабарламалар таратылды, «Бүгінгі Қазақстан: ұлт бірлігі – басты ұлттық қазына» атты фильм елшілікпен венгер тілінде дадайындалып көрсетілді, біздің мемлекет туралы тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды.
Жарияланған күні: 2009-12-15