ЖАҢАЛЫҚТАР
Ү.ж. 15-ші желтоқсанда Ереванда ҚР елшілігі Елбасымыздың
«Қазақстандық жол» атты кітабының тұсау кесерін өткізді
Ү.ж. 15-ші желтоқсанда Ереван қаласында біздің мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне қарсы Қазақстан Республикасының елшілігі Елбасымыздың «Қазақстандық жол» атты армян тілнде басылып шығарылған кітабының ресми тұсау кесері болды.
Тұсаукесерде Арменияның мемлекетмүшелері мен парламинт өкілдері, әлеуметтік-саяси, ресми және академиялық орталар қатыстысып, армян жағынан мәдениет министірінің орынбасары Давид Мурадян, экономикалық сұрақтар бойынша парламент төрағасының кеңесшісі Татул Манасерян, Ұлттық кітапхананың директоры Давид Саркисян және де Левон Ананян басшылығында кітаптың аудармасы жасалған жазушылар Одағының төрағасы сөз сөйледі.
Елбасымыздың кітабын таныстыра отырып, ҚР елшісі Айымдос Бозжигитов қазақ басшысының бұл туындысы жалпы армян қауымы үшін Тәуелсіз Қазақстанның құрылу мен даму тарихымен жақынырақ танысуына мүмкіншілік беретініне сенімді. Дипломат «өз кітабын Президент Н.Ә.Назарбаев жастарға арнады, өйткені олар Жаңа Қазақстанның бой түзеуі мен даму тарихы туралы мәлметті бірінші қолдан алуға мүмкіншіліктері болуы қажет. Кітапта жастар үйренетіндей нәрселер бар, мысалы, түбегейлі өзгерістер заманында қалыптасқан әдет-ғұрып пен дәстүрлердің қирауы кезінде қоғамда толеранттік рухы мен потриотизмді, жаңашылық пен шығармашылық рухын сақтауды үйретеді» деп айтып кетті.
Өздерінің сөз сөйлеулерінде армян әлеуметтілігі мен шығармашылық зиялыларының көрнекті өкілдері Давид Мурадян, Татул Манасерян, Левон Ананянжәне Давид Саркисян қазақ Елбасының кітабымен танысуының жақсы әсерлерімен бөлісуде.
Олардың айтуы бойынша Президент Н.Назарбаев өз кітабында жаңа Қазақстан тарихының ең қиын да жарқын жерлері жайлы, жас мемлекеттің қалыптасу кезіндегі маңызды шешімдер қабылдуы,Қазақстан 2030 ұлттық стратегияның қалыптасуы туралы, мемлекеттің конститутциясын қабылдау үрдісі, банктік жүйенің құрылуы және де Алматының Астанаға көшірілуі мен басқа да маңызды мәселелер бойынша жазылған.
Қазіргі кездегі экономикалық мәселелердің танымалы сарапшысы Татул Манасерян атап айтты: «Мен сөзді бірінші рет пайдаланып, бірнеше рет қайталанам. Бірінші рет мен Елбасы жазған естелікнама емес бүгінгі күн, кешегі күн және мемлекеттің ертеңі мен экономиканың даму перспективасы туралы кітапты оқыдым. Бұл қызықты, үйрететіні мол жазылған әңгіме, мемлекетті басқару мен құру тәжірбиесімен бөлісіп, халқының келешегін ойлап, жетістіктер мен қиын мәселелер туралы жазып, жиналған сұрақтарымен халқы және оқырмандар мен ақылдасып отырғандай жазылған кітап. Бұл орайда күнделікті сұрақтарға жауап іздеп жүрген оқырмандар үшін өте қызықты болады.
Тұсаукесердің қортындысы ретінде Президент Н.Назарбаевтің «Қазақстандық жол» атты кітаптың мыңдаған даналары Ұлттық кітапханаға, Парламенттің кітапханалық қорларына, Ұлттық ғылым академиясыны және де Армения Республикасының Университеттеріне сыйға берілді.
Жарияланған күні: 2009-12-15