ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

 ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ү.ж. 16 желтоқсанда Ашғабад қаласында

Қазақстанның Тәуелсіздігі күні атап өтілді

 

            Ү.ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырды.          

Қабылдауда Түрікменстан мемлекеттік органдарының, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, журналистер, қазақ диаспорасының өкілдері болды.

            Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асхат Оразбай өзінің сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері, мемлекет пен қоғамды дәйекті жаңарту стратегиясының жүзеге асырылуы, жүргізілген конституциялық реформалар туралы әңгімеледі. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы етіп сайлануы еліміздің барлық салалардағы қол жеткізген үлкен жетістіктерінің нәтижесі деп атап көрсетті дипломат.

Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығының басым маңызын атай отырып, А.Оразбай екіжақты қазақ-түрікмен қарым-қатынастарының жаңа сапалық мазмұн мен қарқынға ие болғанын атап өтті.

            Қабылдауда сөз алған Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Хыдыр Сапарлыев Түрікменстан Президенті Г.Бердымұхамедовтың жылы құттықтауын жеткізді. Ол Қазақстанның көпсалалы экономика, дамыған өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын атап өтті. Түрікмен вице-премьері сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дәстүрлі достық және ізгікөршілестік қарым-қатынастарының негізі екі ел халықтарының тарихи-мәдени бірлігі, көпғасырлық сауда және гуманитарлық дәстүрлері, бейбітшілік, келісім мен әлеуметтік дамуға ұмтылу болып табылады деп атап көрсетті.  Қысқа мерзімде салынған Қазақстан аумағы арқылы өтетін Түрікменстан-Қытай газ құбырының іске қосылуы энергетикалық қауіпсіздік пен энергия көздерін әлемдік рынокқа тасымалдау жолдарын кеңейту мәселелерін шешудегі табысты ынтымақтастықтың көрнекі үлгісі болып табылады, деп атап көрсетті Х.Сапарлыев.

            Кешке жиналған қауым Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің өнеріне тамсана қол соқты.

            Қонақтарға сондай-ақ бүгінгі Қазақстанның жетістіктеріне арналған видеофильм көрсетілді. Еліміздің Астанасы мен қазіргі жетістіктерін көрсеткен фотокөрме жиналғандардың  назарын аударып, ұлттық кәдесыйлар көрмесі де шынайы қызығушылығын тудырды.

 

 Жарияланған күні: 2009-12-16

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС