|
ЖАҢАЛЫҚТАР
Прагада Қазақстан мен Чехия сыртқы істер министрліктері арасында
Өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Прагада ҚР СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев Чех Республикасы ішкі істер министрі Мартин Пецина және осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Хелена Бомбасовамен келісссөздер өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастың түрлі салаларының перспективасы, екі ел азаматтарының қатынасын жеңілдету және келісімдік-құқықтық базаны кеңейту мәселелері туралы пікір алмасты.
Чех жағы реадмиссия және ішкі істер органдары арасындағы өзараынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға қызығушылықтарын білдірді.
Келіссөздер нәтижесінде сыртқы істер министрліктері арасында келісімдік-құқықтық базаны кеңейту және кейбір салалардағы ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі Өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Жарияланған күні: 2009-12-16
|
 |