ЖАҢАЛЫҚТАР
Ү.ж. 16 желтоқсанда Парижде ҚР Елшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің
18 жылдық мерейтойына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды
Ү.ж. 16 желтоқсанда Парижде ҚР Елшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 18 жылдық мерейтойына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. ҚР Тәуелсіздік Күнін тойлауға француз Парламентінің депутаттары мен сенаторлары, СІМ құрылымдары мен басқа да мемлекеттік органдарының басшылығы, Фонтебло мен Ножан-сюр-Марн қалаларының мэрлерінің орынбасалары, Парижде орналасқан дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, француз және халықаралық ірі компаниялардың басшылары, мәдениет және кино қайраткерлері, араларында Ренн мен Мэтц қалаларының өкілдері бар БАҚ пен мемлекеттік емес ұйымдар, спортшылар және Францияда оқып жүрген студенттер қатысты.
Іс-шараның барысында ҚР халықтарының мәдениетінің алуан түрлігі, діни және ұлтаралық татулығы, Астананың бейнесі, Қазақстанның бай табиғаты, туристік мүмкіндігі және ұлттық бүркітті аңға салу құсбегілік өнер туралы фото көрме ұйымдастырылды. Осымен қатар Қазақстанның ғарышты бейбіт мақсатта игерудегі ролі мен Француз Республикасының Президенті Николя Саркозидің ү.ж. 6 қазанда Астанаға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары жайында «Адамдардың аспаны, бейбітшіліктің жері» атты деректі фильмнің тұсау кесер болды.
Жиынға қатысушылар халықаралық істердегі Қазақстанның өскен ролін, елдің алдағы ЕҚЫҰ төрағалығын атап өтіп, осының бәрін мемлекеттің саяси және экономикалық дамуындағы, өңірдегі тұрақтылық пен келісімді сақтаудағы көрнекті табыстарымен сабақтастырды.
Жарияланған күні: 2009-12-16