ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Қазақстанның  ЕҚЫҰ-дағы төрағалық кезіндегі идеялары

 Варшавада таныстырылды

 

               Варшавадағы «Бельведер» Президенттiк сарайында  Мемлекеттік хатшы -  Польша Президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Мариуш Хандзлик, Премьер-министр кеңсесі мен СІМ жауапты қызметкерлері, сондай-ақ Польша Республикасындағы Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхит аймақтары өкілдерінің қатысуымен пікірталас форумы өтті.

               Қазақстанның Польшадағы Елшісі Алексей Волков «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы контекстінде Орталық Азия мен Шығыс Еуропа  мемлекеттері ынтымақтастығының келешегі» баяндамасында мемлекетіміздің ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі басым бағыттары туралы айтып өтті.  Қазақстан Еуропа қауіпсіздік архитектурасын нығайтуға; транзитті-көлік әлеуетін күшейтуге; Ауғанстанды тұрақтандыруға, сондай-ақ еліміздің үлкен тәжірибесі бар этносаралық және діни төзімділікті  алға жылытуға өз үлесін енгізуге ұмтылатыны атап өтілді.

               Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы шеңберіндегі сыртқы саясатының еуразиялық сипаты мен бітімгершілік тәжірибесі  бұрыңғы кеңес кеңістігіндегі «ұзақ» дауларды реттеуге мүмкіндік туғызатыны атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстанның басты мақсаты - Венадан батыс пен шығысқа таралған елдер арасындағы түсінісушілік пен сенімділікті сақтап күшейту, сондай-ақ ЕҚЫҰ барлық үш «себетінің» теңдестігін қамтамасыз ету.

               Осыған орай Қазақстан елшісі төрағалығы жылында Астана мемлекет басшылары деңгейінде ЕҚЫҰ саммитін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Азия мемлекеттерінің елшілері ЕҚЫҰ мен Еуропа мемлекеттері қорларының Орталық Азия аймағы мен ауғанстан мәселелеріне тартуы жөніндегі мәліметті аса қызығішылықпен қабылдады. Шетел дипломаттары Қазақстанның нақты ізгілік көмек, соның ішінде астықпен жабдықтау мен қазақстандық қаражатқа студенттер шақыру түріндегі қолдау шараларын жоғары бағалады.

               Елші Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы басшы жағдайы мен ҚР-ның Ислам Конференциясы ұйымындағы төрағалығы 2011 жылы өркениетаралық диалогы мен Еуропа мен Азия мемлекет басшылары арасындағы түсінісушіліктің нығаюына мүмкіндік туғызатынына сенім білдірді, бұл мемлкетеміздің Шығыс пен Батыс арасындағы сұхбатының негізі ретінде ілгерілейтін бітімгершілік бастамаларына сәйкес келеді.

               «Бельведердегі» пікірталас форумы барысында Елші А.Волков барлық қатысушысына Варшавадағы Қазақсатн елшілігі арқылы ұлы поляк пианисті Фредерик Шопеннің 200- жылдығы мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына орай басып шығарылған  2010 жылдың күнтізбесін сыйға тартты.

               Өздеріңізге белгілі, Шығыс Еуропада Қазақстанның ең iрi саудалық әрiптесi болып табылған Польша, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде мемлекетіміз кандидатурысын, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ілгері әріптестік туралы жаңа Келісімге қол қоюдың ҚР бастамасына  алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті.

 

Жарияланған күні: 2009-12-21

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС