ЖАҢАЛЫҚТАР
Ү.ж. 22 желтоқсанда Ханой қаласында
Қазақстан-вьетнам үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы өтті
Ү.ж. 22 желтоқсанда Ханой қаласында Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-вьетнам үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы өтті.
Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, ал вьетнамдық делегацияны - Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зань Винь басқарды.
Аталмыш іс-шара барысында халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберіндегі өзара әрекеттерге тиісті және сауда-өнеркәсіптік, білім, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті.
Сонымен қатар тараптар 2009 жылғы 14-15 қыркүйекте Вьетнамның Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында екі елдің мемлекеттік мекемелердің қызметін белсендіру қажеттілігін атап өтті. Отырыс нәтижесінде жақын келешектегі ынтымақтастықты дамытудың бағыттары көрсетілген Хаттамаға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев Вьетнамның Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың қабылдауында болды. Аталмыш кездесу барысында Вьетнамның Үкімет Басшысы өзінің 2009 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарға және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің вьетнамдық компанияларды қолдауына оң баға берді. Нгуен Тан Зунг Вьетнамның Қазақстанмен мұнай-газ, өнеркәсіп және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастығына зор қызығушылығын білдірді.
Сондай-ақ ВСР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нгуен Куок Кыонгпен келіссөздер өткізілді. Аталмыш кездесу шеңберінде қазақстан-вьетнам екіжақты және көпжақты форматтарындағы өзара іс-әрекеттердің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жарияланған күні: 2009-12-22