ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ү.ж. 21-23 желтоқсан аралығында Куала-Лумпур қаласында

«Мұсылмандардың білім алуы жөніндегі 7-ші Дүниежүзілік конференция» өтті

 

Ү.ж. 21-23 желтоқсан аралығында Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында «Мұсылмандардың білім алуы жөніндегі 7-ші Дүниежүзілік конференция» өтті. Конференцияны Селангор Халықаралық Ислам Университеті, Кембридж Ислам Академиясы және Малайзияның Ұлттық Ғалымдар Ассоциациясы біріге ұйымдастырып өткізді.

Аталған басқосуға ҚР Бас мүфтиі, Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, профессор Әбдісаттар қажы Дербісәлі басқарған қазақстандық делегация қатысты. Бұған қоса, 12 мемлекеттің мұсылман ұйымдарының өкілдері және бірнеше халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Селангор штатының Бас Министрі Тан Сри Дато Сери Абдул Хамид бин Ибрагим конференцияны ашып, осы іс-шараның басты мақсаты қазіргі таңдағы жаһанданудың мұсылман әлемінің білім алу саласына тигізетін әсері мен үрдістері туралы пікір алмасу екендігін хабарлап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазақстан делегация басшысы «Жаһанданудың мұсылман әлемінің білім алу саласына тигізетін әсерлерін қолға алудағы Үкіметтің рөлі» атты тақырыпта сөз сөйлеп, қатысушыларға Қазақстанның аталған саладағы жүргізіп отырған саясаты туралы баяндады.

Дүниежүзілік конференцияның жабылу салтанатында Ә.Дербісәліні  Селангор Штатының Үкіметі және Селангор Халықаралық Университет Коледжі бірігіп құрған Ислам білімі бойынша халықаралық Академияның халықаралық кеңесшілер тобының мүшесі етіп, 2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың желтоқсанына дейін екі жылғы аралыққа ресми түрде тағайындап, осы туралы арнайы күәлікті табыс етті. Осы күні қазақстан делегациясы Малайзия Парламентінің Сенат Президенті Дато Вонг Фун Менгпен кездесті. Кездесу барысында Сенат Президенті малайзияның ұлт-аралық және дінаралық қатынастары саласындағы тәжірибесін хабарлап осы елдің қазіргі таңдағы саяси және экономикалық ахуалы жөнінде қысқаша тоқталып кетті. Өз кезегінде делегация басшысы Ә.Дербісәлі Қазақстанның ұлт-аралық және дінаралық қатынастарының өзгешеліктерін хабарлап Казақстан мен Малайзия арасындағы екі жақты қарым-қатынастары күрделі түрде дамып келе жатқанына ризашылығын білдірді. Ү.ж. 24 желтоқсанда Селангор Халықаралық Ислам Коледж Университеті өз ғимаратында Қазақстан делегациясына арнаған арнайы салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шара кезінде Университеттің Ректоры Әбдісаттар Дербісәліге «ислам ой-пікірі және ислам өркениеті» бойынша құрметті доктор дәрежесін үлкен мәртебемен марапаттады.

 

Жарияланған күні: 2009-12-23

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС