ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
SWFObject 2 static publishing example page
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы



Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
free counters
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А. Абдрахмановтың

2010 жылы 22 ақпандағы брифингте сөйлеген сөзі

 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 

22 және 24 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечидің шақыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ресми сапармен Қытайға барады. Бұл Қанат Саудабаевтың сыртқы істер министрі лауазымындағы Пекинге бірінші сапары болып табылады.

Қанат Саудабаев көршілес мемлекеттің басшылығымен бірқатар келіссөздер өткізіп,  солардың барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқыламақ.

Сондай-ақ, отандық сыртқы істер ведомствосының басшысы Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясында «Қазақстан және Қытай: аймақтағы бейбітшілік пен өрлеуге бағытталған стратегиялық әріптестік» тақырыбында сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Қанат Саудабаевтың Қытайға сапары екіжақты саяси үнқатысуды одан әрі дамытуға және дипломатиялық мекемелер басшыларының кездесулерін тұрақты түрде өткізу тәжірибесін орнықтыруға, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған.

 

26 ақпанда Мәскеу қаласында Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың Интеграциялық комитетінің 48-ші және Кедендік одақ Комиссиясының 14-ші басқосуларының өтуі жоспарланған. Аталған шараларға қатысатын қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары, ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті мен Кедендік одақ Комиссиясының мүшесі Өмірзақ Шөкеев бастап барады.

Екі жиналыстың алғашқысында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер арасында 2011 жылы көшіқон және бюджеттік саладағы ықпалдастығы және ауыл шаруашылығы техникасы мен көлікті халықаралыө лизингке беру мәселелері талқыланбақ. Екіншісінде Кедендік одақтың мемлекеттік бақылауын жаңа қауымдастықтың сыртқы шекарасына шығару, Тауарларды экспорттау-импорттауға жанама салықтарды жинау қағидалары жайындағы Келісімді іске асыру, Одақ шеңберінде интеллектуалды мүлікті қорғау бағытындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері қозғалады деп күтілуде.

 

26 ақпан - 1 наурыз аралығында Швейцарияның Женева қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы комитетінде Қазақстан Республикасының жұпталған төртінші және бесінші ұлттық баяндамалары тыңдалады. Аталған шарада Қазақстан делегациясының баяндамасы және Комитет мүшелерінің сауалдар қою мен ұсыныстар енгізуі күтілуде.

 

Жарияланған күні: 2010-02-22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
Карта портала МИД РК
08-ҚР СІМ реквизиттері
2010-07-29
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы: Хельсинки Қорытынды актісі 35 жыл ішінде өзінің өзектілігінен айырылған жоқ 
 
2010-07-27
«Вена – Еуропа жүрегі» сауалнама-байқауын өткізу жөнінде» 
 
2010-07-25
«Астана» командасы мен Қазақстан «Тур де Франс»-та қол жеткен жетістікпен құттықтауларды қабылдауда 
 
2010-07-23
ШЫҰ шеңберіндегі Өзбекстанмен саяси консультациялары туралы 
 
2010-07-22
ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев бүгін Ұйымның Венадағы тұрақты кеңесінің Қырғызстанға Полицейлік Консультативтік Топты жолдау туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалады 
 




astana calling

СІМ басылымдары
Jurnal_Kazakhstan_2009.pdf


2010 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
“Центр консалтинга и новых технологий” ЖШС-ның техникалық көмегімен