Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А. Абдрахмановтың
2010 жылы 1 наурызда брифингте сөйлеген сөзі
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
2 және 3 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен Румыния Президенті Траян Басеску келеді.
Сапар барысында Астананың қонағымыздың Қазақстанның жоғары басшылығымен бірқатар кездесулері жоспарланған. Солардың барысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ықпалдастық мәселелері талқыланады. Келіссөздер қорытындысымен экономика және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге, сондай-ақ бірқатар ведомствоаралық құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Румыния Президенті Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушы және студенттік құрамы алдында сөз сөйлейді деп күтілуде.
Румын делегациясының бағдарламасына Қарағандыдағы Спасск мемориалды кешеніне бару және еліміздегі румын диаспорасының өкілдерімен кездесу енгізілген.
Траян Басескудің Қазақстанға мемлекеттік сапары аталмыш Шығыс Еуропалық мемлекетте былтыр қарашада өткен президенттік сайлаудағы жеңісінен кейінгі ресми сапарлар арасынан алғашқылардың бірі болып табылады.
3 және 5 наурыз аралығында Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюне Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп қайтады. Министр бастаған делегация құрамында сондай ақ Суоми елінің 60 жетекші іскер азаматтары бар.
Сапар бағдарламасында Пааво Вяюренің қазақ-финн іскерлік форумына қатысуы, Қазақстан Парламентінің қос палатардың төрағаларымен, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен, Астана және Алматы әкімдерімен кездесулері белгіленген.
Келіссөздер барысында екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланады деп күтілуде.
3 және 6 наурыз аралығында Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Швейцар Конфедерациясындағы ресми сапармен барып қайтады.
Швейцарияның астанасы Берн қаласында отандық дипломатияның жетекшісі аталмыш мемлекеттің басшылығымен бірқатар келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Солардың барысында екі тарап 2009 жылы қазанда өткен Швейцарияның сыртқы істер жөніндегі сыртқы істер жөніндегі федералды кеңесшісі (яғни министрі) Мишлин Кальми-Рей ханымның Қазақстанға ресми сапары кезінде қол жеткізген келісімдердің іске асырылуы, саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты үнқатысудың маңызды бағыттары талқыланатын болады.
Сондай-ақ, Швейцарияда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Іс басындағы төрағасы ретінде Қанат Саудабаев аталмыш ұйым басшылығының Еуропалық кеңестегі әріптестерімен басқосуына қатысады. Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Еуропалық Кеңестің Бас хатшысы Торбьерн Ягландпен жеке кездесуі жоспарланған. Келіссөз барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Кеңес арасындағы өзара ықпалдасу мәселелері және бірқатар еуропалық конвенцияларға қосылу жөніндегі ресми Астананың өтінішін қарастыру мәселесі талқыланады.
Бұған қоса, отандық сыртқы істер ведомствосының басшысы Женева қаласында өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі Кеңесінің 13-ші сессиясына қатысады.
Сессия барысында отандық сыртқы істер ведомствосының басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары Наванетем Пиллай ханыммен кездеседі деп күтілуде. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғайтын халықаралық құрылымдармен ықпалдастық мәселелерін талқылау көзделуде.
Қанат Саудабаевтың Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы қатысатын жиналыстардың соңғысы – Қарусыздану мәселелері жөніндегі конференция. Аталмыш жиынға Қазақстан 1999 жылдан бері қатысады және конференциядағы келіссөздер барысында жаппай қырып жоятын және кәдімгі қару-жарақты жою мәселелері барынша белсенді талқылануда.
5 наурызда Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Экономикалық кеңесінің 45-ші отырысы және «ТМД-да Ресейдің төрағалығы жылындағы жаңа бастамалар» атты Достастыққа мүше мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумы өтеді. Аталмыш шараға қатысатын қазақтандық делегацияның құрамында Ауыл шаруышылығы министрлігі, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі және басқа да мемлекеттік ведомстволардың басшылығы бар.
ТМД Экономикалық кеңесі 45-ші отырысының күн тәртібін 16 сұрақ құрайды, солардың ішінде Достастыққа мүше мемлекеттердің энергетика саласында ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы, ортақ электроэнергетикалық нарықты қалыптастыру, Агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша үкіметаралық кеңестің қызметі және тағы басқалары.
Халықаралық экономикалық Форумның негізгі мақсаты – ТМД-ның 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру келешегін және Достастық мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын нығайту жолдарын іздестіру.