|
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне мәрелік сызықта
ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, ЕҚЫҰ «үштігіне» кіретін Литвалық министр – Аудорнюс Ажубалиспен және Қырғызстан министрі – Руслан Казакбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесушілер 27 маусымда өткен референдумнан кейінгі Қырғызстандағы жағдайды туралы және ондағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған үйлестірілген іс-әрекет жоспары жөнінде және бұл мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына жағдай жасау мәселелерін талқылады. Қ.Саудабаев атап өткендей, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың пікірінше, Қырғыз Республикасының ұзақ мерзімді тұрақтылық пен бірқалыпты саяси дамуы мемлекеттің экономикалық даму стратегиялық бағдарламасыз мүмкін емес, және мұндай бағдарлама қырғыз тарапымен ынтымақтаса отырып, ЕҚЫҰ шеңберінде жасалап шығарыла алатын еді. Қазақстан мұндай экономикалық стратегияны жасап шығуға және іс жүзінде жүзеге асыруға өз көмегін көрсетуге дайын.
Сонымен қатар, 16-17 шілде аралығында Алматыда өтетін Сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесін дайындау және өткізу мәселелері қарастырылды. Аталып өткендей, аталмыш шара Корфу процесінің шеңберінде еуропалық қауіпсіздік жөнінде жалпыға ортақ диалогтың қорытындыларын шығаруға, ЕҚЫҰ жауапкершілік кеңістігіндегі өзара ықпалдастықтың маңызды мәселелерін қарастыруға және ағымдағы жылы ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің басшылары мен үкімет басшыларының кездесуіне дайындық жоспарын межелеп алуға бағытталмақ.
Жариялаған күні: 2010-07-03
|
|
|
 |