|
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберіндегі
қазақ-қырғыз консультациялары туралы
Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы басталуына байланысты 2010 жылы 13 шілдеде Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың арасында саяси консультациялар өтті.
Консультациялар барысында тараптар Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезіндегі негізгі басымдықтары және Қазақстан бастамашысы болған Ұйымның түрлі саладағы негізгі іс-шараларын айқындайтын ШЫҰ-ның 2010-2011 жылдарға арналған Іс-әрекеттер жоспарын талқылады. Сондай-ақ, Ұйымға мүше мемлекеттердің Қырғызстанға көмек көрсету мүмкіндігі туралы пікір алмасу болды.
Сонымен қатар, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың шеңберінде екіжақты ынтымақтастық және өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Жарияланған күні: 2010-07-13
|
 |