ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ауғанстан бойынша халықаралық конференция барысында

ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың сөйлеген сөзі

(2010 жылғы 20 шілде, Кабул)

 

Құрметті Төраға,

Құрметті конференция қатысушылары,

Ханымдар мен мырзалар,

Ауған үкіметіне қонақжайлылығы мен осы халықаралық конференцияны ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіруіме рұқсат етіңіздер.

Әлемнің 70 мемлекеті мен оншақты халықаралық ұйымдардың жоғары деңгейдегі өкілдері тұрақты, демократиялық және гүлденген ауған мемлекетін құру мақсатында Ауғанстанды дамытудың Ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға бүкіл халықаралық қоғамдастықтың нақты ұстанымын растайды.

Бүкіл ел аумағындағы қауіпсіздікті толығымен Ауғанстан үкіметінің жауапкершілігіне кезең-кезеңмен беру ісінің басталуының алдында болып жатқан осы форумға үлкен үміт артамыз. Ауған мәселесін реттеу ісінде БҰҰ басым ролі мен ауған үкіметінің ұстанымдары ескеріліп, көпжақты құрылымдардың өзара әрекеттесуін нығайту қажеттілігіне сенімдіміз.

 

Құрметті конференция қатысушылары,

Саяси күштер бүкіл спекторының өкілдерін бейбіт өмірге қайта жұмылдыру жолы арқылы Ауған үкіметінің елдегі қантөгісті тоқтату бағдары, сонымен қатар назарға ұсынылған «Ауғанстан үкіметі мен халқы арасындағы келісім» ұлттық табысудың жоспары оң бағаланып, халықаралық қоғамдастықтың ұзақ мерзімді қолдауына ие болуға тұрарлық нәрсе.

Қазақстанның Ауғандық стратегиясы Ауғанстанның оңалуы мен қақтығыстардан кейінгі қайта қалпына келуіне аса маңызды назар аударады, бұл халықаралық қоғамдастықтың өзара ықпалдасуында гуманитарлық бөлімін нығайту жөніндегі Лондон конференциясының шешімдеріне сай келеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуіге қолғабыс саласында біздің тараптан ауғандық шекара және полиция қызметкерлерін Қазақстан аумағындағы тренинг орталықтарында оқыту бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Есірткі жолдары мен онымен байланысты қатерлерге қарсы тұру саласында БҰҰ Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану, сонымен қатар ЕҚЫҰ Лаңкестікке қарсы бөлімшесі және ШЫҰ Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымы арасындағы өзара ақпарат алмысуды жүзеге асыру қажет деп санаймыз.

Президент Н.Назарбаевтың Ауған жастарын қазақстандық орта мамандандырылған және жоғары оқу орындарында оқыту бойынша білім беру бағдарламасы туралы бастамасының жүзеге асырылуы басталды. Алғашқы 200 адам биыл оқуын бастайды. Осы мақсатта Қазақстан 50 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді.

Кабулда өзінің Сауда-өнеркәсіп Палатасының өклдігін ашуымен, Қазақстан Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға деген ұстанымдылығын білдірді.

Біз, сонымен қатар, қажетті гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруға ниетімізді білдіреміз.

 

Құрметті конференция қатысушылары,

ЕҚЫҰ-на төрағалық шеңберінде Қазақстан алға қойған мақсатын жүзеге асыру мақсатында ұйымның үш өлшемі бойынша мүше мемлекеттермен бірігіп Ауғаныстанға көмек көрсетуде.

Жақында аяқталған Алматыдағы ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде: «Бүгінгі күнде Ауғаныстанға қатысты ЕҚЫҰ-ның жаңа стратегиялық бағыты қажет екендігіне ешқандай күмән жоқ»,- деп атап өтті.

Қазақстанның Ауғаныстанға қатысты стратегиялық бағыты 2010 жылдың аяғына дейін Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге қатысты қол жеткізілген тарихи келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі болып табылады.

Біз соңғы 11 жыл ішінде ұйымның жоғарғы деңгейдегі кездесуін мазмұндық толықтыруға қатысты, өз мандатының шеңберінде ЕҚЫҰ-ның халықаралық қауымдастықпен бірге Ауғанстанға ықпалдастық жасауына қатысуын кеңейтуде нақты шешімдер қабылдау мүше-мемлекеттердің мүдделеріне сай келер еді деп санаймыз.

Біз осы ойларды Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы аясында өткізіліп отырған ағымдағы шаралар барысында белсенді түрде қарастырып жатырмыз.

Ү.ж. 8-9 шілде айында Вена қаласында өткен Наркобизнеске қарсы халықаралық Конференциясы өткізілді.

Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы бастамасымен Ауған проблематикасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мүше-елдерінің мемлекет пен үкімет басшыларының 3-ші Саммиті шеңберінде «ХХІ ғасырдағы Еуразия кеңестігіндегі экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық» атты арнайы шарада ЕҚЫҰ-ның Азиялық әріптес елдері мен Жерорта теңіз серіктес елдерімен қарастырылды.

Ү.ж. 20-21 қазан айында Астанада өткізуге жоспарланып отырған лаңкестікке қарсы іс-әрекет жөніндегі ЕҚЫҰ Конференциясында Ауған проблематикасы да басты мәселе болып табылатын болады.

Қазақстанның төрағалығымен ЕҚЫҰ алдағы уақытта да ұйымның 3 өлшемі бойынша барлық іс-шараларға ауғаныстанның лаузымды тұлғалары мен мемлекеттік емес ұйымдардың қатыстыратын болады. Бұл Ауған қоғамына маңызды болып есептелетін жемқорлықпен күрес, тиісті мемлекеттік басқару, заңшығару қызметі секілді басқа да мәселелерде Ұйымның бай тәжірибесін жеткізу механизмін жақсартуға мүмкіндік береді.

ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы ретінде, Ауғаныстан жерінен бастау алып отырған бүгінгі сындармен күрес жолының парадигмасының өзін әскери-полицейлік әдістерден сол сындардың шығу ошағына бағыттауға көшу маңыздылығын тағы да айтқым келеді. Ұйымның және халықаралық одақтастың басты мақсаты ауған қоғамын әскери қарсылықтан жасампаздық жолға түсіру болып табылады.

ЕҚЫҰ-ның аттынан электоральды реформалардың өткізілуіне ықпал жасауға дайын екендігімді және 18 қыркүйекке жоспарланып отырған парламенттік сайлау заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының толыққанды құрылуына және соның нәтижесінде Ауғанстанда тұрақты демократиялық құрылады деген сенімімді жеткізгім келеді.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Жарияланған күні: 2010-07-20

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-07
Болгария қазақстандық азаматтар үшін визалық жеңілдіктер жасайды 
 
2012-02-07
«Польша – Шығыс» ұйымында Қазақстан туралы кездесу өтті 
 
2012-02-06
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 6-шы ақпан 2012 жыл  
 
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС