ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев бүгін Ұйымның Венадағы тұрақты кеңесінің Қырғызстанға Полицейлік Консультативтік Топты жолдау туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалады

 

ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бүгін Ұйымның Венадағы тұрақты кеңесінің Қырғызстанға Полицейлік Консультативтік Топты жолдау туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалады.

 «Қазақстан басынан бастап, ұйымның мандатына сәйкес, ЕҚЫҰ-ның Қырғызстандағы жағдайды реттеуге барынша тиімді қатысуын қолдағаны белгілі. Осы орайда біз әуел бастан Қырғызстанның полицейлік консультативтік топты жолдау туралы өтінішін қолдаған болатынбыз. Мен ЕҚЫҰ барлық 56 мүше-мемлекеті көрегендік танытып, Қырғызстанға полицейлік консультанттар жіберу жөнінде келісімге келгендеріне және біздің Венадағы өкілетті өкілдеріміздің шешімімен рәсімделгенін шын ниетіммен қолдаймын. Полицейлік Консультативтік Топтардың жақында қантөгіс қақтығыстардың аренасына айналған аймақтарда болуы елдегі сенімнің артуына, тұрақтылықтың нығаюына және тәртіптің орнауына өз ықпалын тигізеді. Алматыда өткен ЕҚЫҰ министрлерінің бейресми кездесуінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап қткендей, Қазақстан алдағы уақытта да ағайынды Қырғыз еліне ЕҚЫҰ төрағасы ретінде де, екіжақты форматта да өз қолдауын көрсете бермек.»

Ү.ж. 22 шілдесінде ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесі Қырғызстанға полицейлік  консультивті тобын шұғыл түрде жіберу туралы  шешім қабылдағаны белгілі. ЕҚЫҰ-ның мүше мемлекеттерінің азаматтары ішінен құқық қорғау саласының мамандары арасындағы жедел түрде өткен сайыстан кейін 52 адамнан тұратын бірінші топты шамамен төрт айға жіберілетін болады.

Қырғызстанның үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің шешімі бойынша миссияның мерзімі, сонымен қатар қатысушылардың саны көбейуі мүмкін.

17 шілдеде Алматыда өткен ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінің соңында Қырғызстанға полицейлік  консультивті топты жіберу туралы мүше мемлекеттер арасында келісімге қол жеткезілгені туралы хабарланды.

 

 

Жарияланған күні: 2010-07-22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-07
Болгария қазақстандық азаматтар үшін визалық жеңілдіктер жасайды 
 
2012-02-07
«Польша – Шығыс» ұйымында Қазақстан туралы кездесу өтті 
 
2012-02-06
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 6-шы ақпан 2012 жыл  
 
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС