|
ЖАҢАЛЫҚТАР
ШЫҰ шеңберіндегі Өзбекстанмен саяси консультациялары туралы
Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы шеңберінде 2010 жылы 23 шілдеде Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахтиер Исламовтың арасында саяси консультациялар өтті.
Консультациялар барысында тараптар Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезіндегі негізгі басымдықтарын және Қазақстан бастамашысы болған ШЫҰ-ның 2010-2011 жылдарға арналған Іс-әрекеттер жоспарын талқылады.
Сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынастар мәселесі мен Ұйымға мүше мемлекеттердің Қырғызстанға көмек көрсету мүмкіндігі туралы пікір алмасу болды.
Келіссөздер қазақстандық тараптың Ұйымға мүше барлық мемлекеттермен өткізетін консультациялар циклінің жалғасы болды.
Сонымен қатар, Нұрлан Ермекбаев Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норовпен ЕҚЫҰ шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері және ӨР Сыртқы істер министрінің орынбасары Анвар Салихбаевпен ауған мәселесі бағытындағы ынтымақтастық бойынша кездесу өткізді.
Жарияланған күні: 2010-07-23
|
|
|
 |