ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

 

Ү.ж. 25 шілдесінде «Астана» командасы мен Қазақстан велоспорт Федерациясының басшылығын «Тур де Франс»-та қол жеткізген жетістігімен құттықтады

 

            Ү.ж. 25 шілдеде Париж қаласының Елисей өрісінде дәстүрлі аяқталуымен әлемге әйгілі «Тур де Франс» веложарысының соңғы кезеңі өтті. Бас классификация бойынша «Астана» командасының капитаны - испандық веложарыскері Альберто Контадор жеңіп шықты.

            Осыған орай Францияның Президенті Н.Саркози Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевқа өзінің шынайы құттықтауын жолдап жатқанын «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ басқарымының төрағасы Қайрат Келімбетовке Франциядағы Қазақстан Елшісі Н.Дәненовтің қатысуымен өткен жұмыс кездесуі барысында француз президентінің дипломатиялық кеңесшісі Жан-Давид Левитт жеткізді.

            Сонымен қатар жарыстың аяқталар кезеңіне келген ҚР делегациясы «Астана» командасының жетістігімен құттықтаған Францияның спорт жөніндегі мемлекеттік хатшысы Рама Яд ханымның, француз астанасының мэрі Бертран Деланоеның, Францияның Велосипед спорты федерациясының президенті Давид Лаппартиеннің, «Тур де Франс» ұйымдастыру комитеті басшылығының, француз спорт ұйымдары өкілдерінің құттықтауларын қабыл алды.  

            Сол күні «Астана» командасының бас демеушісі саналатын «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ басшылығы Франциядағы ҚР Елшілігінің көмегімен қазақстандық астанасымен аттас команданың құрметіне Францияның БАҚ және қоғамдық саяси мен бизнес өкілдері қатысуымен өткен қонақасы ұйымдастырды. Ел басшылығы атынан А.Кантадорды жеңіспен және команданы «Тур де Франста» табысты қатысқаны үшін құттықтап ,қатысушылар алдында Қ.Келімбетов қысқаша сөз сөйледі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың команда мен елдегі велоспорттың дамуына көп көңіл бөлетіндігі аталып өтілді.

            Жүздеген миллион телекөрермендердің назарын өзіне аударатын ең аса бір беделді веложарыстағы қазақстандық команданың жеңісі бүкіл әлемде Қазақстан Республикасының және оның астанасына қызығушылықты өсіріп, «Астана» командасының танымдылығын арттыруға көмектеседі.

            «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ басқарымының төрағасы Қайрат Келімбетов Парижде болған кезінде сонымен қатар Францияның іскер топ өкілдерімен кездесті.

 

 

Жарияланған күні: 2010-07-25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 
2012-01-25
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Қазыхановтың Еуропалық Одақтың арнайы өкілі П.Морельмен кездесуі жайлы  
 
2012-01-23
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 23-ші қаңтар 2012 жыл  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС