ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы
І. Омаровтың 1 қыркүйектегі брифингте сөйлеген сөзі
6-7 қыркүйек аралығында Өскеменде Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық 7-ші Форумы болады. Оған президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев қатысады деп күтілуде.
Форум бағдарламасында «Тұрғын-коммуналдық шаруашылықтағы инновациялық технологиялар» атты Қазақстан және Ресей тауар өндірушілер көрмесі жоспарланған, сонымен қатар Ресей іскер топтарының өкілдерін Шығыс Қазақстан мекемелерімен таныстыру қарастырылуда.
Сондай-ақ, Форум бағдарламасына сәйкес, екі елдің президенттері кездесіп, аймақаралық және шекара ынтымақтастығы, осыған дейін қол жеткізілген сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық келісімдердің жүзеге асу барысы жөнінде пікір алмаспақ. Форум шеңберінде бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.
2 қыркүйекте ТМД елдерімен танысу турнесінің шеңберінде Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының (төменгі палата) Халықаралық істер жөніндегі комитетінің Төрағасы Мунеэ Судзуки бастаған делегациясының сапары орын алмақ. Сапар барысында біздің еліміздің бірқатар ресми тұлғаларымен кездесулер болып, екіжақты қарым-қатынас мәселелері және соның ішінде парламентаралық ықпалдастық мәселелері талқыланады..
Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі АҚШ-тағы Орыс тілді туристік компанияларды Ассоциациясымен бірлесе отырып «Қазақстан мен АҚШ – болашаққа көзқарас» атты жастар байқауын жариялайды.
Байқауға қатысуға Қазақстанның 30 жасқа дейінгі азаматтары жіберіледі. Олар «Американы аша отырып...» атты эссе жазып, және қасына жеке бас куәлігін тіркеп (немесе паспорт) келесі электронды адреске жіберу қажет: info@russiantravelusa.com и kazakhembus@gmail.com.
Шығарманы өткізу уақыты 2 қыркүйектен 15 қазанға дейін.
Ең жақсы материал жолдаған, екі жеңімпазға Ассоциация келесі маршрут бойынша АҚШ арқылы тегін тур ұйымдастырады: «Құрама Штаттардың үш астанасы» - Нью-Иорк – Филадельфия – Вашингтон, сонымен қатар Ниагар сарқырамасын көруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жеңімпаздар Қазақстанның тіуелсіздік күніне арналған, ҚР-ның Вашингтондағы Мәдени фестивалінің салтанатты жабылуына қатысуға мүмкіндік алады.
Екі жеңімпаз жөніндегі ақпарат ҚР-ның АҚШ-тағы веб-сайтында - www.kazakhembus.com, және «Russian American Travel Agencies» Ассоциациясының сайтында орналастырылады –www.russiantravelusa.com.
2009 жылы құрылғын АҚШ және Канада елдеріндегі 180-нен астам оператаорлер/агенттіктерді қосатын Ассоциация осыған дейін Ресей және Украина елдерінде аталған шараларды ұйымдастырып үлгерген.
Жарияланған күні: 2010-09-01