ЖАҢАЛЫҚТАР
2 қыркүйек күні Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы –
Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев
Жапония Парламентінің халықаралық істер жөніндегі
комитеті Төрағасы М. Судзукимен кездесу өткізді
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың ТМД елдерімен танысу аясында Қазақстанға келген Жапония Парламенті Өкілдер Палатасы (төменгі палата) Халықаралық істер жөніндегі комитетінің Төрағасы Мунеэ Судзукимен кездесуі болды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен болашағын, екі елдің халықаралық бірлестіктер шеңберіндегі ықпалдастығын, сонымен қатар қазіргі заманғы халықаралық қатынастар, соның ішінде Орталық Азиядағы жағдайды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқыға салды.
Осы орайда Қ. Саудабаев жақында болған Жапония Сыртқы істер министрі Кацуя Окаданың Қазақстанға ресми сапарын және «Орталық Азия + Жапония Диалогы» кездесуін жоғары бағалады.
Қауіпсіз әлем ғаламдық мәселесін көтере отырып, тараптар ядролық қарусыздану және бейбіт атомды дамыту салаларында өзара ықпалдасу жөнінде пікір алмасты. Осыған орай қазақстандық СІМ басшысы қайғылы кезеңді еске алды – осыдан 65 жыл бұрын тамыз айының күндерінде Хиросима және Нагасакиді ядролық атқылаған болатын. Мемлекеттік хатшы 40 жылға созылған Семей полигонындағы ядролық сынақтардан миллиондаған біздің отандастарымыз жапа шеккендігін атап өтті. Өз кезегінде жапондық парламент мүшесі біздің еліміздің жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосып отырған ауқымды үлесімізді айтып кетті. Әңгімелесуші тараптар ядролық қарудан бос әлем құру мақсатында екі ел күштерін біріктіру қажеттігіне тоқталды.
Халықаралық ұйымдар форматындағы ынтымақтастықты айта келе Қ. Саудабаев Жапонияның БҰҰ-ны реформалау жөніндегі ұсынысына және Күншығыс елінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелігіне енуіне Қазақстанның қолдау білдіретінін айтты.
Сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты қозғай отырып, тараптар қазіргі өзара тауар айналым көрсеткіші шын мәніндегі мүмкіндіктерге сай еместігін растады. Олардың пікірінше осы жылдың күзінде Жапонияда отырысы жоспарланып жатқан үкіметтік және жеке сектордың Бірлескей комиссиясының қызметі аталған көрсеткішті жақсартуға арналған.
Жарияланған күні: 2010-09-02