ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Ү.ж. 3 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев

ҚХР КП ОК Саяси бюро мүшесі Л.Юньшанмен кездесуі болды

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың біздің елімізде іссапармен жүрген Қытай Коммунисттік партиясының Орталық комитет Хатшылығының хатшысы, Саяси бюро мүшесі, Қытай Коммунисттік партиясының Орталық комитеті Насихаттау бөлімінің жетекшісі Лю Юньшанмен кездесуі болды.

Келіссөздер барысында тараптар Астана мен Бейжин (Пекин) арасындағы екіжақты ықпалдастық жөніндегі ұстанымдарын, атап айтқанда сауда-экономикалық, шекара ынтымақтастығын пысықтап, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қатынастар, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқыға салды. Осы орайда тараптар Қырғыз Республикасының ағымдағы жағдайы жөнінде пікір алмасты.

Қазіргі кезде Қырғыз еліне көмек көрсетуде жан-жақты күштерді біріктіру Қырғызстандағы және бүкіл аймақтағы тұрақтылықты, экономикалық өрлеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рольге ие болмақ деп атап өтті Қ. Саудабаев.

Астана мен Бейжин арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты қозғай отырып, тараптар партияаралық және парламентаралық үнқатысудың маңыздылығын атап кетті.

Қ. Саудабаев Президент Н. Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Астанадағы маусымдағы келіссөздері барысындағы тағы да қуаттала түскен қазақстан-қытай стратегиялық әріптестігінің жоғары дәрежесін атады. Аталған кездесу барысында қазақстан-қытай стратегиялық әріптестігін нығайтуға бағытталған келісімдердің жүзеге асу барысы қарастырылды.

Өз кезегінде Лю Юньшань екі елдің көпжақты форматтағы ықпалдастығының маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда 2010 жылдың маусым айында төрағалық қызметі Қазақстанға өткен Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі өзара ықпалдастықты сөзге тиек етті. Қытайлық тарап атап өткендей, бұл төрағалық өте маңызды кезеңге – Ұйымның 10 жылдығына келіп тұр, осыған байланысты әңгімелесуші тараптар 2011 жылы Астанада Президент Н. Назарбаевтың төрағалығымен өтетін ШЫҰ Саммитінің маңыздылығын ерекше атап кетті.

Одан соң, Лю Юньшань Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктеріне жоғары бағасын берді. Сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастық бірлескен ірі инфроқұрылымдық жобаларды іске асыру барысымен сипатталады. Осыған орай Қ. Саудабаев жаңа сапалы қатынасқа – инновациалық қатынасқа көшудің маңыздылығын ескерді.

Қазақстандық СІМ басшысы әңгімелесуші тарапты қазіргі кезде біздің елімізде жүзеге асып жатқан 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік Үдемелі индустриялды-инновациялық даму Бағдарламамен таныстырды.

Сонымен қатар тараптар, ҚР үкіметі мен ҚХР арасындағы шикізаттық емес экономикалық секторлардағы ынтымақтасу Бағдарламасына арналған іс-шаралар Жоспарын уақытылы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

 

 

Жарияланған күні: 2010-09-03

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-02-07
Болгария қазақстандық азаматтар үшін визалық жеңілдіктер жасайды 
 
2012-02-06
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 6-шы ақпан 2012 жыл  
 
2012-02-02
2 ақпанда Брюсселде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ЕО сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштонмен келіссөздері болып өтті 
 
2012-02-01
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа сапары 
 
2012-01-27
Ү.ж. 27 қаңтарында Вена қаласында Қазақстан мен Австрияның сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 2-ші раунды өтті  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС