ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы І.Омаровтың
6 қыркүйектегі брифингте сөйлеген сөзі
7-8 қыркүйек аралығында Киев қаласында қазақстан-украин Мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 9-шы отырысы өтеді.
Қазақстан жағынан аталмыш комиссияның тең төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-Минстрінің Бірінші орынбасары Ө.Шөкеев, украин жағынан – Украина Премьер-Министрі Бірінші орынбасары Андрей Клюев болып табылады.
Отырыс барысында сауда-экономикалық, жанармай-энергетикалық, авиақұрылыс, ғарыш, инвестициялық және кәсіпкерлік, көлік, өнеркәсіп, білім және ғылым салалары, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастыққа қатысты мәселелері қарастырылады.
6-13 қыркүйек кезеңінде Қазақстанға БҰҰ Жеткілікті баспана мәселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы Ракель Рольниктің сапары болады.
Аталған сапар мемлекетіміздің адам құқықтары саласындағы ашық және сындарлы ынтымақтастыққа мүдделілігін көрсететін ҚР Адам құқықтары жөніндегі кеңестің арнайы процедураларының атына жолданған тұрақты шақыру негізінде өткізіледі.
Өзінің мандаты шеңберінде Р.Рольник бірқатар мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулер өткізеді.
Жарияланған күні: 2010-09-06