ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауы
blog
03-Қазақстан 2030 бағдарламасы

SWFObject 2 static publishing example page
OIC

free counters
Zapatec DHTML Calendar
Дауыс беру
 
1) Сайттың жаңа дизайны Сізге ұнай ма?
(Choose one answer)
  1) өте қолайлы
  2) бұрынғы сайт жақсырақ болған
  3) бәрібір
 
 

 

 
Жаналықтарға жазылу



Сіз бұл жерде ҚР CІМ-нің сайтына таратылған жаңалықтарға жазыла аласыз
Назад

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

ҚР СІМ Жауапты хатшысы, EXPO-2017 жобасының ұлттық келістірушісі

Р.Жошыбаев Берлинге жұмыс сапарымен барып келді

 

Ү.ж. 23 желтоқсанда ҚР СІМ Жауапты хатшысы, EXPO-2017 жобасының ұлттық келістірушісі Рәпіл Жошыбаевтың Германияға қызметтік сапары өтіп, басты тақырып ретінде EXPO-2017 халықаралық  көрмесін Астанада өткізу туралы Қазақстанның ұсынысын ілгерілету сұрақтары талқыланды.

Сапар барысында Р.Жошыбаев ГФР Экономика және технологиялар Министрінің орынбасары, сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақ-герман Үкіметаралық жұмыс тобының  Тең-төрағасы Карл-Эрнст Браунером кездесті.

Келіссөздер барысында екіжақты саяси және сауда-экономикалық қатынастардың өзекті мәселелері талқыланып, К.-Э. Браун Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Ең жоғары деңгейдегі өзара сапарлар динамикасы, екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі сұрақтар, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы сауда айналысының жоғары көрсеткіштері осы тезистің дәлелі болып табылады.

Герман тарапының ақпаратына сәйкес тек 2011 жылдың бірінші жартысында ғана ГФР-дің ҚР-мен сауда айналысының көлемі 26 пайызға өсіп, 3,5 миллиард евродан асып түскен. Жалпы алғанда, Германияның Қазақстанмен өзара сауда көлемі ГФР-дің Орта Азия және Кавказдағы сегіз мемлекетпен барлық сауда көлемінің 63 пайызын құрайды.

Өз тарапынан қазақстандық дипломат ҚР-да іске асырылып жатқан жеделдетілген индустриалдық-инвестициялық даму Бағдарламасымен, сондай-ақ онжылдық кезеңдегі елді жаңашаландырудың басты бағыттарын белгілеп берген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму Стратегиялық жоспарымен таныстырды.

Сұхбат барысында EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу сұрақтары туралы пікір алмасты.Оның басты тақырыбы «Болашақ энергиясы» және көрме барысында балама энергия мен жаңартпалы энергия көздері саласында дайындалған алдыңғы қатарлы өнімдер мен технологиялар көрсетілетін болады.

К.-Э. Браунер ҚР-дың осы көрмені өткізу бойынша кандидатурасын қолдап, 20 жыл тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан үлкен экономикалық серпініс жасағанын, соның арқасында тұрғындардың хал-ауқаты өсіп, еліміздің әлемдік аренадағы беделі нығая түскенін атап өтті. Осы себепті, оның ойынша, аталған көрмені Астанада өткізу үшін Қазақстанда барлық қажетті алғышарттар жасалған.

EXPO-2017 көрмесінің қай елде өткізілетіні туралы шешімді  Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) өзінің 157 мүше елдері өкілдерінің дауыс беруі нәтижесі бойынша 2012 жылы желтоқсан айында қабылдайды.

 

Жарияланған күні: 2011-12-23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚША
Русская версия
English Version
Бізбен болыңыздар
KAZAKHSTAN'S MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS
ҚР CIМ веб-порталдың картасы
ҚР СІМ реквизиттері
2012-05-14
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат Комитетінің төраға міндетін атқарушы Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі Астана, 14-ші мамыр 2012 жыл  
 
2012-05-11
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы  
 
2012-05-11
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қайрат Келімбетов Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2012» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты  
 
2012-05-11
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысы туралы (Бейжің қ., 2012 ж. 11 мамыр)  
 
2012-05-10
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Ашғабадқа сапары туралы  
 






СІМ басылымдары
www.astanatimes.kz
astana calling

памятка


2012 © ҚР СІМ ақпараттық сервері Мәлімет таратылуына тыйым салынбайды 
"Центр технической компетенции DEMEU" ЖШС