ЖАҢАЛЫҚТАР
23 желтоқсан күні Киевте КҰУ студенттері арасындағы «Қазақстан-Украина:
20 жыл Тәуелсіздік пен гүлдену» атты шығарма сайысының жеңімпаздарын
салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
23 желтоқсан күні Киевте Қазақстан Республикасының Елшілігі Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінің (КҰУ) басшылығымен, оқытушы құрамы және студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Аталған кездесу аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайы орайластырылған «Қазақстан-Украина: 20 жыл Тәуелсіздік пен гүлдену» атты студенттер арасында өткізілген сайыстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті.
28 қазан мен 17 желтоқсан аралығында ұйымдастырылған шығарма сайысында студенттер өз жұмыстарында қазіргі заманғы Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының ерекшеліктерін көрсетуге, Қазақстан мен Украина арасындағы тарихи байланыстарды табуға тырысып, қазіргі уақыттағы посткеңестік елдердің саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарын суреттеп берген. болатын.
Жюри жұмысының қорытындысы бойынша 1-ші орынды журналистика институтының студенті Андрей Петруня, 2-ші орынды филология институтының студенті Надежда Давидюк, ал 3-ші орынды болашақ журналист Олеся Нестеряк иеленді. Сондай-ақ, КҰУ түрлі институттарының студенттері Марина Сидоренко, Алина Данилейко және Александра Акчурина мазмұнды жұмыстары үшін ынталандыру қағаздарымен марапатталды.
Жарияланған күні: 2011-12-23