ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚР СІМ Ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының
орынбасары – Алтай Әбибуллаевтың брифингтегі сөзі
Астана, 9-шы қаңтар 2012 жыл
Қазақстандағы сайлау науқанының қызу өтіп жатқаны баршаңызға мәлім.
Осыған орай және шет елдердегі Қазақстан азаматтарының алдағы сайлау науқандары барысында өз конституциялық құқықтарын іске асыру туралы көптеген өтініштеріне байланысты, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері мен консулдық мекемелері жанындағы 35 сайлау учаскесіне қосымша 21 жаңа учаске ашу жөнінде бастама жасағаны жайлы осыдан бұрын хабарлаған болатынбыз.
Қазір шет елдердегі сайлау учаскелерінің жалпы саны 56. Толық ақпарат Сыртқы істер министрлігінің интернет парақшасында орналасқан.
Атап айтқанда, сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елшіліктерінде ашылады. Олардың қатарында әлемнің көптеген астаналары.
Аса назар аударатын жай бұл Ресей мен Қытай халық Республикаларындағы ашылатын сайлау учаскелері.
Бұдан бұрын атап өткеніміздей, сайлау учаскелері Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде, Қазақстанның Санкт-Петербордағы бас консулдығында, Омск және Астрахань қалаларындағы Қазақстан консулдықтарында ашылады.
Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі жанындағы бұрыннан бар сайлау учаскесіне қосымша ретінде, Қазақстанның Гонконгтегі Бас консулдығы жанында және Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығының жанында сайлау учаскелері құрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның шет мемлекеттердегі барлық сайлау учаскелері Парламенттің бесінші шақырылымы депутаттарының сайлауын өткізуге толық дайын, бүкіл қажетті ақпараттық-үгіт құжаттамаларымен қамтамасыз етілген.
Жарияланған күні: 2012-01-09