|
ЖАҢАЛЫҚТАР
Афинадағы кездесу
9 қаңтарда Афинада Елші С.Нұртаев Афина және бүкіл Эллада Архиепископы ІІ Иерониммен кездесті. Сұхбат барысында грек әңгімелесушісі Қазақстанның конфессияаралық және ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту және үндестіру салаларындағы жетістіктері туралы ақпараттандырылды.
Грек тарапы осы бағыттардағы еліміздің табыстарын оңды қабылдап, барлық діндердің, этникалық топтардың, халықтар мен ұлттардың тең құқылығын қамтамасыз ететін қазақстандық саясатқа жоғары баға берді.
Екі жақты конфессияаралық қатынастарды мазмұндық толтыруда екі елдің өзара әрекеттестігі үшін едәуір потенциалдың барын ескере отырып, тараптар Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін әртүрлі дін өкілдерінің диалогы үшін алаң ретінде белсенді түрде пайдаланудың маңыздылығын баса атап өтті.
Жарияланған күні: 2012-01-09
|
|
|
 |